Зейнетақы қорындағылар "бітімгершілікке" шақырып жатыр

Зейнетақы қорындағы ақшаңыздың болашағы жайлы ойланып көрдіңіз бе? Әлде босқа сандырақтап жүрміз бе? Өткен сенбіде студенттерімді Республика Зейнетақы қорының семинарына апарып, біраз көзім ашылғаны бар.

Содан ақшамды инвестициялап жатқан компанияның сайтына кірсем… Құдай сақтасын, қазақша бір әріп жоқ!!! Содан олай-бұлай ақтарып, жазатын жеріне ой-пікірмді жазып кеткенмін. Бір сағаттан соң қалтафоныма хабарласып тұр.

Шағымыңыз орынды, анау-мынау деп… қаным басыма шапты. Ай сайын халықтың маңдай термен тапқан айлығының 10%-ын қоныштарыңа басып отырсыңдар да, оларға ләм-мим деп қазақша ақпарат та бермейсіңдер! «Біздің сайт тұрған платформамыз қазақша әріп қолдамайды» деп сылтаурата бастап еді, «ертегі айтпа» деп аузына құм құюға тура келді. Ниеттері әу баста орысша болғаны аян болып тұр ғой.
Әрі қарай

Атышулы жиналыстар. «Ұлы құрғақшылық»

Ойбай, мәлімет іздеп келген аграрийлер болса, кешірім сұраймын: әңгіме жаңбыр әлде су тапшылығы туралы емес.
Әлқисса, 1929 жыл, АҚШ, Атлантик сити (Нью Джерси). Жергілікті казинолардың біріне машиналар келіп тоқтауда. Ішінен шляпалы һәм ұзын етек күрте киген джентльмендер түсіп, жан-жағына күдіктене бір көз тастап, казиноға қойып кетуде. Жақыннан көрген адамға жан қалталарында қос-қостан тапаншалары барын көру қиын емес. Ал, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, мәшинелердің ішінде атақты «Томмиганнан» тап қазір сақылдатып ата жөнелетін бірде шопыр, бірде оққағар рөліндегі жігіттер және отыр…
Әрі қарай

ShymCity-дің интернет қолданушыларының құлағына!!!

Құрметті Шымқаланың блоггерлері және блоггер еместері!
Күні ертең қаламыздағы ордалы оқу орындарының бірі болып саналатын Отырар Университетінде Веб сайттарға байланысты жалпылама лекция оқығалы жатырмын. Қызығушылық танытып жатсаңыздар келулеріңізге болады.
Өту уақыты күндізгі 12:15 шамасында!
Лекция залы белгісіз болып тұрғандықтан толық мәліметті таңертең еңгізетін боламын! Келушілерге есік ашық! Көкейде жүрген сұрақтарыңызды дайындап келіңіздер! Сұрақ-жауапқа арнайы уақыт бөлінетін болады.Сұрақтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.
Лектор: Садық Шерімбек (Қара Сақал)
Лекция тілі: Қазақша
Өтетін орны: Отырар Университеті
Қазақстан, Шымкент,
Терешкова көшесі, 14
8 (7252) 53-84-53
Әрі қарай

Хааа-ли-ллуй-яяяяя!!!

Блог - technosyndrom: Хааа-ли-ллуй-яяяяя!!!
Баптист шіркеуіндегі жексенбілік құдайға құлшылықты зәңгілердің қалай өткізетінін, көбіңіз кинодан көрген боларсыздар. Былайынша бір сарындылау әрі жалықтырарлық уағыздар – рэп, хип-хоп мақамымен айтылған кезде, қалайша жүзейіп шыға келеді! Егер мен Исаның үмметінен болсам, нан-інжіл шын сөзім: ақ адамның ішпыстырарлық уағызына енді қайтіп жоламай кетер едім.
Әрі қарай