Сарыарқа ауданындағы таза аула мен ең тату көршілер анықталады

Жеңімпаз тұрғын үйге жаңа ойын алаңы тарту етіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Сарыарқа ауданындағы ең таза аулалар мен тату көршілер іздестірілуде», – деп аудан әкімдігі тұрғындарға үндеу тастады. Ерекше жарыстың жеңімпаздарына жаңа ойын алаңы, көше тренажерлері және шағын архитектуралық мүсіндер сыйға беріледі.

Байқауға қатысу үшін бірнеше шартты орындау қажет: аудан тұрғындары бірігіп жұмыс істеуге дайын болып, өтінішті 28 желтоқсаннан кешіктірмей беруі керек. Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісіндегі жариялым астына «қатысамын» деп жазып, мекен-жайды қалдыруы қажет. Аула тазалығы туралы бейне түсіріп, оны Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне #біздіңтазааулаСарыарқа хэштегімен жариялау қажет.

«Біз көппәтерлі тұрғын үйлер арасында ең таза аулаға конкурс жарияладық. Жеңімпаздарға балалар алаңы, көше тренажерлері және шағын архитектуралық мүсіндер сыйға тартылады. Бұл – алаңды сұрамай, қайырымды іс арқылы жеңіп алу үшін ең жақсы мүмкіндік! Кім өз ауласын жаңартқысы келеді?», – делінген аудан әкімдігінің баспасөз қызметі тарақан хабарламада.
Байқаудың нәтижелері Наурыз мерекесінде белгілі болады.