Көрінбей кеттің сен неге?


Уақыт өтеді, бір толқынның орнын келесісі басады. Блоггинг те солай. Бұрын белсенді жазып жүрген кей блогшының жазбасын қазір таппайсың. Оның ішінде блогосферадан жоғалып кету жігіттерден гөрі қыздарға көбірек тән сияқты. Себептері де түсінікті: жанұялық өмір, уақыт тапшылығы, қызығушылықтың азаюы т.б. кете береді. Тіпті өзімнің де блогыма тек блогиада басталғалы жан кіре бастағаны өтірік емес. Дегенмен сырттарынан бал ашпай, бұл туралы «ғайып болған» қыздардың өздерінен сұрауды жөн көрдім. Олардың бірқатарынан «Блог жүргізбей кету себебі неде?» «Блог жүргізуді жалғастырмақ ойы бар ма?» деген сияқты сауалдарға жауап алдым.


«Блог жазбай кетуімнің басты себебі — уақыттың тапшылығы, оған қоса еріншектігім де бар. Алдағы жоспарда блог жүргізуді жалғастыру ойымда бар, алдымен өміріме біраз өзгерістер енгізіп алайын. Фотоблог форматында «аспаздық» тақырыбында жазғым келеді. Анығы – сапалы мәзір және сапалы сурет.»

«Блог жүргізуге уақыт жоқ, әрі Муза апай шаршап калған


Бір кездегі «Балғырған» және "Қолөнер" блогтарының иесі Салтанат Мұратбекованы (Balgyrgan) қазіргі жастар біле бермес. Алматы қаласында өткен ең алғашқы, ең ыстық блогкемптің басы-қасында жүрген белсенді қызды қазір әлеуметтік желілерден де табу қиын. Әйтсе де Инстаграмға баласының суреттерін салып тұрады екен. Салтаның жауабы қысқа да нұсқа болды:
«Блогты қойған себебім — тұрмыс құрдым, ал ол жақта көп уақыт жоқ. Жоспарым — көп бала табу



«Блог жүргізбеу себебім ретінде бірінші келген ой «уақыт» болған еді. Бірақ, ниет болса, уақыт табуға болатыны еске түсті. Ең басты себеп — шабыттың, стимулдың, мотивацияның жоқтығы. Бұрын блог жүргізіп бастап келе жатқан кезде (2007 жыл) қазақша контент өте аз еді, сол қазақша контентті көбейту мақсаты итермеледі, күшті мотивация болды. Қазір жағдай өзгерген, кез-келген қазақша жазба «фурор» тудыратын заманы өткен. Белгілі бір мақсат, мотивация болмаса, стихиялық түрде блог жүргізгім келмейді.
Блог жүргізуді жалғастыру жоспарда бар. Енді соны құнттау керек


«Блог жүргізбей кеткен себебім – бірінші кезекте ортаның өзгеруі. Жаңа толқын жаңа бағдарлама, мақсат, бағдармен келеді де, әдетте оның алдыңғысы көп сұранысқа ие болмай қалады. «Оқырманы жоқ блог жетім» осы жерге дөп айтылғандай. Блог жүргізуді жалғастыру жайында ойлар бар, бірақ нақты жоспар жоқ. Тақырып бір бағытта болғанын қалар едім. Гүлдер тақырыбын ауқымын кеңейтіп жазуға болады. Басындағыдай емес, қазір сұраныс форматы өзгеріп келеді. Сосын халықтық педагогика қызықтырады.»


«Блог жүргізуді бастамай жатып тоқтатып қойдым. Маған блогтан гөрі сол блогтың авторы қызық. Реалдағы қарым-қатынас маңыздырақ. Керекинфодан өзіме достар тапқанда жазуды қоя салдым.
Дегенмен блог жүргізуді жалғастырғым келеді. Бірақ ол үшін ойды жинақтау керек. Жазған затына жауапкершілікпен қарайтын блогерлер аз. Не жазсам да өзім білем дейтіндердің қатарына косылғым келмейді. Соны білмегендіктен жалғастыра алмай жүрмін. Алматы мен басқа қалалардағы сервис туралы жазғым келеді. Оған көп ізденушілік, креатив және уақыт керек. Жауапкершілікпен қарау керек. Қазір ондай жағдай жоқ

Дегенмен, қарап отырсақ, үміт жоқ емес сияқты. Қыздардың дені блог жүргізуді жалғастыруға ниетті екен. Әсіресе тақырыптық блог жүргізгілері келетіндігі ерекше көңіл қуантады — салалық блогтар Қазнетте әлі де аз ғой.
Қыздар, блогтарыңды жаңартыңдаршы! Сағыныппын...



Суреттер қыздардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алынды.