Қазақстанда ең қымбат пәтер қанша тұрады?

Your text to link...Астанадағы элиталы үйлердің құны ақырындап Алматымен теңеліп алды. Люск апартаменттегі үйлер миллиондаған доллар тұрады.
Астанадағы ең қымбат пәтер 7- бөлмелі пентхаус. Оның аумағы 527 шаршы метр. Ол «Хайвилл» тұрғынүй кешенінде орналасқан. Құнын қазіргі тұрғындары 2,1 млн долларға бағалап отыр.
Сатып алсаңыз 5 жатын бөлмесіне, осыншама жуынатын орны бар, бала-шағаңызбен қиналмай қымтырылмай орналаса аласыз.
Бұдан кейін екінші орында Green Village тұрғынүй кешеніндегі 5 бөлмелі пәтер тұр. Оның иелері бұл пәтер үшін — 2 млн доллар сұрап отыр. Бұл үйді алатын бақытты азаматтарды үш деңгейлі күзетшілер қоритын болады. Үйдің кіре берісін айтсаңшы, таза мрамормен қапталған, тірі пальмалар өсірілген.
Ал, Алматыдағы қымбат тұрғынүйлер рейтингін «Пионер» тұрғынүй кешеніндегі пәтер бастап тұр. Оның құны 5,5 млн доллар. Алайда бұл үйді әзірге ешкімнің сатып алуға құлқы жоқ сыңайлы. Себебі мұндай жарнама өткен жылдан бері беріліп келеді. Сондай-ақ оңтүстік астанада «Арман вилла» тұрғынүй кешенінде 2 млн доллар тұратын пәтер сатылмақ. Оның ауданы 400 шаршы метрді құрайды. Оның ерекшелігі сол керемет таудың пейзажын көруге болады.
Әрі қарай