Мен ойнайтын (ойнаған) ойындар

Біздің буын қуыспақ, тығылыспақ, соқыр теке, асық ойындарының түр-түрін ойнап өскен буын. Дала түгілі үйдің ішін қопарып ойнайтынбыз.Мүмкін, сол кездерде әр отбасыда кемінде 4-5 бала болатындықтан ба екен? Қазіргі ауылдағы балалардың бұл ойындарды ойнауы некен-саяқ. Қаланың 1-2 бөлмелі пәтерінде отырған балалардың халі тіпті мүшкіл ойын тарапынан қарастырар болсақ. Бізден кейінгі буын «Денди»,«Сега» сынды ойын құрылғыларымен сусындап өсті. Дегенмен айтпағым бұл емес.
Сонымен, сіздің компьютеріңіздегі сүйікті ойындарыңыз?
Мысалы, менде бірінші орында PES(футбол). Қолым боста бұл ойынды ойнаудан жалыға қоймаймын.Әсіресе жанымдағы адамды ұтып отырғанда.Құдай біледі кейін бұл ойынды балаларыммен бірге ойнайтын да шығармын.
Call of Duty сынды ойындарды да жақсы көремін. Бірақ, соңына жеткізген соң өшіріп тастаймын.Қайтадан ойнағым келмейді.
ГТА, Контрстрайк деген ойындарды меңгере алмаппын.Ойнағым да келмейді. Стратегиялық ойындарға миым жетсе шыдамым жетпейді немесе керісінше.
Ал, сіздер егер компьютерлік ойынды ойнайтын болсаңыздар қандай ойындарды ойнайсыздар?
Әрі қарай