Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Халық арасында «екінші Швейцария» атанып кеткен Түлкібас ауданының қайсыбір ауылына барсаңыз да, таза мөлдір бұлағы мен саф ауасы, тұнып тұрған ғажап табиғаты, жанға жайлы демалыс орындары құшақ жая қарсы алады. Қаланың кептелісінен, бас айналдыратын көліктің түтінінен, мазаны қаштыратын у-шуынан шаршасам кезімде, 10 жылдан бергі тынығып қайтатын демалыс орныма айналып кеткен – Дәубаба ауылы.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Дәубаба – ОҚО, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауыл округіне қарасты елді-мекен. Тұрғын саны 200-дей ғана. Облыс орталығынан 70 км-дей қашықтықта орналасқан.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Мұнда республикалық маңызға ие зоологиялық «Иірсу-Дәубаба» қорықшасы бар. Қорықша Сайрам –Өгем ұлттық табиғи паркінің құрамына өткен. Барлық өсімдік, жан-жануарлар мемлекет қадағалауында. Сонымен қатар, Дәубаба өзені ағып жатқан жерде, ұзыннан-ұзын созылып Дәубаба шатқалы жатыр.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Бұл ауылмен мені байланыстырып тұрған, университет кезіндегі курстасым Асқар. Асқардың атасы Ботбай руынан шыққан, кезінде Шымкент қаласын басқарған, қаламыздағы Дендросаябақ, ипподром салып берген Асанбай Асқаровтың немере інісі болып келеді. Көзі тірісінде көптеген игі істеріне, құлақ құрышын қандыратын әңгімелеріне қанық болдым.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Дәубаба ауылының атауы Дәубаба әулиенің құрметіне берілген. Жұртшылықтың әулие баба туралы білетіні шамалы. Осы орайда осыдан екі мың жыл бұрын Үйсін мемлекетін басқарған Күнбиі, яғни қазір Дәубаба әулие деп атап кеткен Дәу би туралы айта кету орынды.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба
Дәубаба зираты ежелден бері аймақ тұрғындарының жиі келіп, сыйынып, пір тұтатын киелі де қастерлі орындарының бірі болып саналады. Үйсін мемлекетінің ханбиі Дәу би де осы Түркібасы өңірінде, яғни Дәубаба ауыл¬ды мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 3-4 шақырымдай жерде жерленген.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба
1993 жылы «Жалын» баспасынан Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты қазақ тарихынан сыр шертетін құнды еңбегі жарық көргендігі есімізде. Кітапты оқырман қауым қуанышпен қарсы алғанын да жақсы білеміз. Халық жадында ұмыт бола бастаған көптеген ұлы тарихи тұлғалар мен би-шешендеріміздің, ірі қолбасшылар мен батырларымыздың есімдерін қайта жаңғыртып, төл тарихымызды қайта қарауға айтарлықтай үлес қосты. Аталмыш еңбекте Дәу би туралы да аз-кем мәлімет беріле кеткендігі біз үшін таптырмас олжа болды. Өйткені Дәубабаның қай кезеңдерде өмір сүріп, кім болғандығы туралы деректердің жоқтығынан баба тұлғасы ұзақ жылдар бойы бізге жұмбақ күйінде қалып қойған еді. Міне, Қазыбек бек Тауасарұлының еңбегінен біраз дүниеге қанығып, көне замандарда ғұмыр кешкен бабаларымыз туралы білімдерімізді толықтыра түстік. толығырақ
Әрі қарай