Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады
![](http://kerekinfo.kz/uploads/topics/preview/00/01/75/23/67553e1d75_900x600crop.jpg)
Бүл күні Елордада таңертеңнен бері Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатты. Әскери-тарихи музей алдындағы алаңда «Сарбаз ботқасы» дайындалып, халыққа ұсынылды.
![Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады](http://kerekinfo.kz/uploads/images/01/30/33/2016/05/08/e9147f.jpg)
Жауынгерлердің тамағынан дәм татуға әскери қызметкерлер мен олардың отбасылары, әскери-патриоттық клуб өкілдері, оқушылар, Балалар үйінің, SOS балалар деревнясының тәрбиеленушілері, сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
![Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады](http://kerekinfo.kz/uploads/images/01/30/33/2016/05/08/4c5ee8.jpg)
Алаңға дала ас үйі мен палаталы қалашық орнатылды. Қонақтар Ұлы Отан соғысы кезіндегі осы күнге дейін істен шықпаған техниканы тамашалады. Орталық ансамбль әртістері соғыс жылдарындағы әндерді орындап, рухты көтерді.
![Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады](http://kerekinfo.kz/uploads/images/01/30/33/2016/05/08/c4102a.jpg)
Сонымен қатар, қала тұрғындарына Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар ерлігінің белгісі «Жеңіс ленталары» таратылды.
— Біздің аталарымыз Отанын қорғап, Жеңісті барынша жақындатты. Барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтаймын, — деді ҚР қарулы күштері азық-түлік басқармасының бастығы Ерлан Тоқпаев.
![Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады](http://kerekinfo.kz/uploads/images/01/30/33/2016/05/08/8b4fcd.jpg)
Отан Қорғаушы күніне орай ұйымдастырылған концерттік шаралар қаланың көптеген алаңдарында өткізілді. Соның ең думандыларының бірі «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда өткен концерт. Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шаралар сағат 24:00 дейін жалғасты.
![Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады](http://kerekinfo.kz/uploads/images/01/30/33/2016/05/08/d6f16a.jpg)
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай