Ғаламтордағы таныстық

Жұмбақ қыз
Махаббат деп түндерде көз ілмеген,
Кейде оған қас болған жан-тәнімен.
Бір жұмбақ қыз желіден пайда болды,
Неге екенін Бір Құдайым өзі білген?..

Жүйрік екен өлеңге де, сөзге де,
Сұхбаттастық сауал тастап әр неге.
Жазады екен ойын да өте жылдам,
Пулеметтен оқ жауғандай дәл бейне.

Жаc болса да көрсеткен суретінде,
Махаббаттан дәм татыпты өте ерте.
Өзім емес, мені сүйген жар іздеймін,
Деп қойыпты қарындасым өз сөзінде.

Үлгеріпті ғашық болып талай жанға,
Ұқсамайды мына қызың басқаларға.
Тіптен жап-жас ағайына көзі түсіп,
Жыр жазыпты дес бермес ақындарға.

Ойлап едім сол ғой деп нақ сүйері,
Көрген кезде өлеңдерін тордан желі.
Бірақ кейін қарындас жұмбағы көп,
Басқаны да қимай жүрмін, сүйем деді.

Қарындасым өзі де бір қызық екен,
Өз қатарын менсінбейді құрдас деген.
Жастар емес сүйгендері өңкей егде,
Түсінбедім қарындастың о несі екен?..

Ойлайды екен білмес деп жас қадірін,
Сондықтан да таңдапты ол жасы кәрін.
Бірақ олар ай қарап та, жұлдыз санап,
Жүрмегендер боп шығыпты, айтса бәрін.

Бәрі де оның отбасылы-жанұялы,
Бірінде үш қыз, бірінде оның екі ұлы.
Бар екенін білгенде қарындастың,
Самаурындай қайнапты зығырданы.

Содан мүмкін менімен байланысқан?
Дос болсақ деп жазылды манитордан.
Жарайды деп жауапты басып қалып,
Бастап кеттік сұхбатты отырмастан.

Осылайша бастап алған таныстығым,
Жалғасуда одан сайын таппай тыным.
Әйтеуір ғашық болып сорлап қалмай,
Тұрғанымда қойсам ба бәрін мұның?

Бірақ несін қорқамын қарындастан,
Мұңдас болып жүрейік құдай қосқан.
Арасында хат жазысып, сыр бөліссек,
Еш сөкеттік бола қоймас онда тұраған?
* * *
Қорықпаймын өмірің де,өліміңнен,
Бірақ қорқам, бір азап қой сүю деген.
Сондықтан да шошыма қарындасым,
Жабыспайды тас кенеше біздің Тәкен.

Айта бергін сырыңды бүгіп қалмай,
Менде ағымнан жарылам, көкте Құдай!
Екеумізді сырлассыншы деп Жаратқан,
Таныстырып қойды бәлкім дәл осылай?
28.11.2011ж.
Тақпақтау туралы емес осы ғаламтордағы таныстық туралы ойларыңды ортаға сала жүріңдер.Адам аласы ішінде, небір жезтырнақтар да, басында жылы жылы сөйлейтін алтынсақадағы апамыз сияқтылар да бұл өмірде жеткілікті.
Әрі қарай