Қазақстанның Батыс өңірінде аталып өтетін "Көрісу күні" құтты болсын ағайын.

Бүгін, мерекеге толы наурыз айының 14-ші жұлдызы Қазақстанның батыс өңірінде, атап айтсақ Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында «көрісу күні» аталып өтеді. Бұл күні адамдар үй ішінен бастап, көрші-көлең, ағайын-туыс, таныстарының үйіне барып, қол алысып амандасып, төс қағыстырады. «Көрісу айт күні құтты болсын!», «Бір жасыңмен!», «Жаңа жылдарың құтты болсын!» деген сынды тілектер айтылып, реніш-өкпелері болса ұмытып, татуласады. Ал, қонақ күтуші үй, келгендерге дастархан әзірлеп, бауырсақ пісіріп тағы басқа жылы жұмсағын алдарына тосады.
Жалпы, айтулы мереке қалай, қайдан шыққан? "Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз" мерекесі әрбір өңірде той жасалып аталып өтетін, ал үш жүздің басын қосқан ұлы жүзде өтетін ұлан-асыр тойға ел-елден, жер-жерден бәйгеге қосар жүйріктерін, күреске салар палуандарын, айтысар ақындарын ерткен, былайша айтқанда, «делегаттар» еліміздің оңтүстігіне жол тартады. Шалғай жатқан Батыс өңірінің «делегаттары» бұл тойға дайындалып, жолға 14 күні шығып кететін болған. Жолшыбай ауылдан ауылға соғып, мерекемен құттықтап, көрісіп жеткенше 22 наурызға белгіленген жерге уақытылы жетеді. Сонымен, қазақтың жаңа жылы наурыз мерекесін батыстықтар ертерек, яғни 14 күні бастап кетеді екен.Блог - RaimbekRamazanov: Қазақстанның Батыс өңірінде аталып өтетін Көрісу күні құтты болсын ағайын.
Әрі қарай

КерекИнфода көктемгі апталықтар



Көктемнің алғашқы айы да келіп қалды. Осы бір тамаша айдағы 2 мерекені КерекИнфода апталық ретінде атап өтуді ұсынамын:

01 наурыз — 08 наурыз: Қыз-келіншектер апталығы. Осы күндерде аналар, қыздар, келіншектер тақырыбында пайдалы мәлімет, мақала, мультимедиа, жазбалармен бөлісейік.

14 наурыз — 22 наурыз: Наурыз мейрамы апталығы. Наурыз мерекесі, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, достық, татулық туралы мақалалар, жазбалармен бөлісейік.
Әрі қарай