Бұл не деген масқара?

Бүгін, яғни 15-ші қыркүйек күні «Астана» арнасының таңертеңгі жаңалақтарынан Павлодар қаласының екі жасөспірімінің (аттарын айтып еді, ұмытып қалдым) өз аулаларының көріксіздігі, ластығы,қараңғылығы жайлы алаңдайтындықтарын білдіріп Путин мен Назарбаевтың атына хат жазғандықтарын, сол арна тілшісі аса бір мақтаныш пен айтып шықты. Әрі сол жасөспірімдердің хаты бойынша екі ел президенттері әлгі аулаға соғатынын бейне бір ырзалық екпінмен елге жария етті.Мен тыңдап отырып ойға қалдым. Әрине жасөспірімдердің өз қаласының,өз ауласының жайы алаңдатуы құптарлық жағдай, бірақ бұл жерде Ресей басшысы Путиннің қатысы не? Әлде Павлодар қаласы Ресейдіке ме? Жоқ болмаса бір үйдің ауласын жөндетуге пәрмен беруге біздің Елбасымыздың күші жетпейді деп ойлағаны ма? Немесе өз Елбасымызды сыйламағандығымыз ба, не деген масқаралық? Осыны жерден жеті қоян тапқандай жариялаған «Астана» телеарнасы мен сол арнаның тілшісінің көздегені не, осы жақтарын түсінбедім.
Осы бір ауланы сондай дәрежеге дейін жеткізген қала әкімі не қарап отырған? Ал осындай аулалар еліміздің қалаларында аз ба, және сол аулалардағы Палодарлық, Петропавлдық жасөспірімдер Путинге, Шымкенттік жасөспірімдер Каримовке, Өскемендік, Алматылық жасөспірімдер Қытай басшысына, Ақтау, Атыраулық жасөспірімдер Әзірбайжан басшысына хат жаза бастаса не боламыз? Өзім түсініп ой қорыта алмағандықтан сіздердің талқыларыңызға салғым келді. Аямай пікірлей беріңіздер.
Әрі қарай