Не деген қараңғы өмір, қараңғы өмір,

Не деген қараңғы өмір, қараңғы өмір,
Жүрегіне мұң салған қаламгердің.
Адастым мен тұманда жол таба алмай,
Қараңғыда қол бұлғап қала бердім.
Тас қараңғы дүние-ай, жүріп келем,
Жарық силап жолына үміт деген.
Табаныма тас батты шыдатпайды,
Сонда да жүріп келем, жүріп келем.
Жанарыма байлаппын-ау мұң тізбегін,
Неғып жүрмін? Не керек? кімді іздедім?
Қадам бассам қалмайсың көлеңкедей,
Қараңғылық сен менімен егіз бе едің?!
Әрі қарай

Жұма күні "Қазақстан" арнасы "Парламент" бағдарламасындамын



Бүгін "Қазақстан" тілшілері келіп, түсіріп кетті. Тақырып сол баяғы мұңайған тақырып, қазақ интернетін дамыту үшін не істеу керек тақырыбы :)

Ертең 18 наурыз 18-30да "Қазақстан" арнасындағы «Парламент» бағдарламасынан көрсетеді. Ертең жолда боламын, мына жерге шығатын шығар деп ойлап отырмын.
Әрі қарай