Мұстафа Өзтүріктің тұяғы

Оның аты Нәзірбек(Nezirbek). Мюнхен қаласында тұрады. Мұстафа ағамыз бен Нүрилә жеңгеміз 1980 жылы үйленген екен. Тұңғыштары Нәзірбек 1981 жылы туылған. Қазіргі таңда бухгалтерлік мамандығы бойынша жұмыс істейді.
Жалпы Мұстафа Өзтүріктің 3 баласы бар. Қалған екеуі қыз. Үлкені Несли, кішісі Аслы.
Очм, осы. Нүрилә жеңгей мен Нәзірбекпен болған сұхбатты «Нұр Астана» газетінен оқи аласыздар
Әрі қарай

Мұстафа Өзтүрік билеген Қаражорға

Бұрын Түріктердің тарихи Қараоғлан фильмінде ойнаған қазақтар деген жазбамда 1965 жылы бір түрік киносында ойнаған қазақтар және сол кинода биленген Қаражорға туралы жазған едім. Ол кинода Мұстафа Өзтүріктің әкесі ойнаған. Ал, Қаражорға биін Салкүрең күйімен билеген екен.

Стамбулдан Абдулвахап Қара Фейсбукте Мұстафа Өзтүрік ойнаған «Алатай» фидьмінің бір фрагментімен бөлісті. Ол жерде Мұстафа және басқа қазақ жастары Қаражорға билеп жатыр. Қай әуенге екені белгісіз, видеода Қаражорғаның қазіргі әуені қосылған.

Әрі қарай

Түріктердің тарихи Қараоғлан фильмінде ойнаған қазақтар



1965 жылы танымал түрік актер Картал Тибет ойнаған атақты Қараоғлан көпсериялы фильмінің алғашқы бөлімі «Алтайдан келген жігіт» фильмінде қазақтар да түскен. Тіпті бұл кинодағы костюмдерді де қазақтардан алған. Қазір арамыздан айрылған бұл кісілердің бұл кинолардағы суреттері біздер үшін үлкен естелік. Бұл суреттерді бұл кісілердің немерелері үшін арнайы жариялап отырмын. Менің де нағашы атам осы киноға түскен дейді Стамбулдағы танымал қазақтардың бірі, Мимар Синан Университетінің докторы Абдулвахап Қара өзінің Facebook-тегі бетінде.

Әрі қарай