Үштен беске
Бұрынырақта мектептерде мынандай қызық үрдіс бар болатын. Үшінші кластан соң бесінші класқа секіртіп жіберу деген. Мен бейбақ сол секіріп үлгергендердің соңғысы едім. Төртінші класс қайда қалады, не үшін секіртеді сол кезде? Әлде дайындық сыныбынан өткендерді ғана секіртті ме? Олай дейтінім біз «нөлебай» оқыдық. БІріншіге көшкенде «нөлебай» оқымағандар келіп 1«б» класы бола қалды. Осылайша бастауыш кластарды «а» мен «б» болып оқып жүрдік. Әйтпесе кішкене қазақ ауылында класқа симай жатқан бала жоқтын. Уобщым, біз үштен кейін секіріп кеттік беске, аналар қалды төрт оқып. Осылайша бір-ақ күнде біз оларға «старшак» атандық.
Әрі қарай


Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен бардым мектепке. Галош секілді бірдеме өзі де. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін мен тыныш отырдым сол жолы. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей саламын.Аяғыма бәрі қарап отырғандай.Партанын астына тыгып әлекпін. Мұғалімдер сабақ сұрайды, дайын емеспін деймін(оқиға бес оқитын кездерім, негізі жетінші сыныпқа дейін жетіге оқығанмын). Тақтаға да шықпадым. Өзімді қор санадым.Тамағыма өксік тығылды.4 сабақ біткенше орнымнан тұрмай кеттім ғой. Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықтым. Үйге келсем… жаңа туфли әкеліп қойыпты.


