Түйреуіш. Мақсат МҰХАМЕТЖАНОВ

Бұл жас ақын 1990 жылы Семей қаласына қарасты Таңат ауылында туған. Қазір Семей қаласында өмір сүріп жатыр. Өлеңге деген махббаты ерекше. Сол себепті, сіздерге бір өлеңін ұсынуды жөн көрдік.
Сен десе күйге толы шанақ кеудем,
Жүрегімде орның бар абат төрден.
Әлі күнге сақтаулы білесің бе?
Түйреуіш өңіріме қадап берген.

Кетер күннің көзінде мөлтілдедік,
Жоғалтпаймын сөзіме сертім берік.
Кеудеме таққаныңда сезбеппін-ау,
Тағыларын кеудеме дертім болып.

Күреңіткен сәттерде көңіл бағы,
Емдейді жан-дүниемді төзім нәрі.
Қай жақта жүрсем дағы сол түйреуіш,
Ұмыттырмай келеді өзіңді әлі.
Әрі қарай