Кабаеваның әкесі кім?

Осыдан бес-алты жыл бұрын Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен көркем гимнастикадан Олимпиада және әлемнің екі және Еуропаның бес дүркін абсолютті чемпионы Алина Кабаева арасындағы үйлену тойы жайлы қауесет күллі әлемге таралды. Тіпті осы ақпаратты таратқаны үшін «Московский корреспондент» газетінің бас редакторы қызметінен қуылып, кейіннен газет жабылған болатын.
Блог - Bek-enu: Кабаеваның әкесі кім?

Уақыт өте келе Путин мен Кабаева арасындағы махаббатқа сенушілердің саны артты. Өйткені былтырғы жылы Ресей президенті өзінің некелі жарымен халық алдында заңды түрде ажырасты. Оның үстіне, Алина Ресей Федерациясының мемлекеттік думасына «Единый Россия» партиясының атынан сайланған болатын. Өздерініз білетіндей, бұл биліктің партиясы. Бірақ, президенттің спортшы қызбен үйленгені туралы әлі күнге ешқандай ресми мәлімде жасалған жоқ.
Біздің бүгінгі айтпағыз бұл емес. Көркем гимнастиканың хас шебері атанған спортшы қыздың әкесі Марат Кабаев жайлы болмақшы. Көпшілік жұрт Алинаны білгенімен әкесі жайлы көп біле бермейді.
Блог - Bek-enu: Кабаеваның әкесі кім?
Марат Кабаев 1961 жылы, 27 мамырда Өзбекстанда дүниеге келген. Татар ұлтының өкілі. Өзбекстан мен Қазақстанға танымал кәсіби футболшы. Өзбекстанның атақты командасы «Пахтакордың» сапында ұзақ жылдар ойнаған. Кеңес Одағы кезінде «Қайрат» пен «Пахатакор» арасындағы дербилерге қатысуы арқылы алматылық жанкүйерлерге де етене таныс. Жалпы «Пахтакорда» 1980-1990 жылдар аралығында 275 ойынға қатысып, 48 гол соққан. Оның арасында Ростов-на-Данудың СКА, украиналық «Днепр» клубтарында өнер көрсеткен.
Ал 1991 жылы Өзбекстанның «Умид» командасынан Павлодардың «Ертісіне» ауысады. Маратпен бірге тағы бір футболшы Владимир Цирин қоса келеді. Екі футболшының отбасы Павлодардағы «Север» қонақ үйінде тұрады. Мараттың сегіз жастағы қызы Алина Павлодарға келгенде де спорттан қол үзіп қалмаған. Дәлірек айтқанда, Қазақстанда жаттығуын жалғастырған. Тіпті, әкесі Қазақстандағы көркем гимнастикамен айналысатындарға демеушілік еткен. Еліміз тәуелсіздікті енді алып, спортшыларымыздың халықаралық жарыстарға шыға алмай жүрген кезі болатын. Сол 1993 жылдары Кабаеваның әкесі көркем гимнастика спортшыларына Жапониядағы халықаралық жарысқа қатысуына жағдай жасаған. Күншығыс еліне аттанған спортшыларымыздың жол-шығынын өз мойынына алған. Осы жылдары бірнеше халықаралық жарыстарға қызы Алина Қазақстанның қатысқан екен.
Блог - Bek-enu: Кабаеваның әкесі кім?
Марат Кабаев «Ертіс» сапында 1991-1994 жылдар аралығында 109 ойынға қатысып, 28 доп соқты. 1993 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Одан кейін Қызылорданың «Қайсар» клубында бір маусым өткізді. Ал карьерасын Самарқанның «Динамосында» аяқтады.
Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, бапкерлікке біржола бет бұрады. Басында 10 жылдай Ташкентегі «Шығатай» деп аталатын футбол мектебінде балалар бапкері ретінде қызмет етті. 2004 жылы «Трактор» командасына бас бапкердің көмекшісі ретіне шақырылады. Одан кейін «Алмалық» клубының қосалқы құрамын, Өзбекстан жастар құрамасын, «Қызылқұм» командасын жаттықтырды. 2012 жылы сол кездегі «Рубиннің» бас бапкері Құрбан Бердыевтің шақыруымен қазандық клубқа селекционер-бапкер ретінде тағайындалады. Қазіргі кезде сол қызметті атқарып жүр.
Жары Любовь баскетбол спортымен айналысқан. Қазіргі кезде екеуі ажырасып кеткен. Қос қызы бар. Біреуі жоғарыда айтқан Алина, екіншісі Лейсана. Әйелі мен екі қызы Мәскеуде тұрады.
Әрі қарай

Атыраудағы басқосу

Танымал блоггер, журналист Асхат Еркімбайдың кезекті сапарына орайластырылған Атыраулық керекшілердің бас қосуы кеше «Фаворитте» басталып, «Самұрық» мейманханасында жалғасты. Қатысқандарды фотобаян арқылы біле жатарсыздар.
Ойым — осы кездесуде бәрімен амандасып, бір сәлем беру еді. Қазақ күйінің сүйемелдеуімен, тары салынған қазақы қою шайымен ерекше атмосферада өткен отырыста Асхат, Нұрберген және Алишамен танысқаныма қуанышты болдым. Ал Маратхан, Алмастармен ескі керектен таныстығым бар. кәрі қасқырлар
Самұрық ішінде:
Әрі қарай