Пай, пай "Шахтер"

Пай, пай «Шахтер»
«Ұшасың-ау» бір күні
Тыясың- ау қуанышты, күлкіні
Футбол деген бір жарқ еткен найзағай
Футбол деген жанкүйердің жүрегінің дүрсілі
Пай, пай «Шахтер»
Кетесің-ау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей чемпиондық лигада
Футбол қарап, жатып алып диванда
Басқаларға береміз де кезекті
Біз кетеміз,
Келер жолы жеңу үшін кетеміз
Футбол деген- соткаң емес қолдағы
Футбол деген-жанкүйерлер қолдауы
Қаның кеуіп қаталаған кездерде
Голдар салып тұрсаңдар тек болғаны
Мына стадион, мына көгал, табло анау
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Футбол деген-тағатсыз бір қозғалыс
Футбол деген-жеңілем деп қарамау
Суретке сілтеме




Ойын өте қызықты өтті. Басынан аяғына дейін екі қақпашының артына вибрация ойнататындай моменттер жеткілікті болды.
Содан он минут күттім жоқ. Қайта звондадым. Ар жақтан орыс келіншек «міне, міне кеп қалды»дейді. Дауысынан көңілді адам екені көрініп тұр. Жоқ. Қайта звондадым.Сізге баратын машина ауысты «Форд»серый" деді. Тағы бес минөт күттім. Шыдамадым қоңырау шалдым. Ойлы-қырлы орысшаммен (жазғанда да қатырмаймын) «Форд, серый с квадратными колесами да?» деп сұрадым. Анау «Да, да, что подехал» деді де күліп жатыр.Сәл шыдауымды өтінді.содан қайта қоңырау шалдым,«Я знаю почему Вас „Астаной“ называли» дедім, анау неге екенін сұрады «Потому что вы машину с Астаны отправляете» дегем күліп жатыр «Шыдаңыз енді» деп. Ана таксистте мен тұрған жерді таба алмай жүрсе керек.Не керек 30 минөттен артық тостырып келді ғой такси.Содан диспетчер келіншек звондады қайтадан.«Сізді көп күттіріп қойғандықтан айыбымызды жуу ретінде біздің офиске келіп шай ішіп кетіңіз.Сосын тегін апартамыз»дейді. Оған рахметімді айтып, асығыс екенімді білдіріп үйге бірақ тарттым.