Белсенділік және Лента (жаңа функциялар)

Жаңарған версиямызда жаңа функциялар бар: Белсенділік және Лента.
Бұдан кейін өзіңіз таңдаған қолданушылардың сайттағы әрекеттерін бақылап отыра аласыз. Ол үшін Белсенділік сілтемесін ашып, сол жерден өзіңіз бақылағыңыз келетін қолданушылар мен әрекеттерді таңдайсыз.

Барлық тақырыптар сізге қызықсыз болуы мүмкін немесе біраз уақыт өтіп кетіп, бұрын жазылған тақырыптарды көрмей қалуыңыз мүмкін. Сондай кезде Лента арқылы өзіңіз таңдаған қауымдастық немесе қолданушылардың блогтарындағы жазбаларды оқи аласыз.

Екеуі де керемет функциялар деп ойлаймын. Іске сәт! Қайырлы блоггинг достар!
Әрі қарай