Көктем - ана!

Босанғандай бұтақтарым бүр жарды

Қолын бұлғап тал шақырды құстарды

Тіршіліктің белгісі ғой

Оянды

Көктем — ана қолда деді ұшқанды

Сәукелесін киіп алды сарғалдақ

Қыр төсінде қызғалдақтар ән салмақ

Қиыршық құм жел қуалап күлгенде

Ауыл дедім көктен түсіп қалған бақ

Жер көрпесін имене ашты шөп керім

Көрді күннің қақ маңдайдан өпкенін

Күн құшады қара жерді жұмақ деп,

Жер елжіреп дем бердің дер көктегі үн.

Сай-салалар бозбаладай тебіскен

Жүгіргендей мал қайтқанда өрістен

Таудан аққан апам сынды сол өзен

Қолындағы бармен елмен бөліскен

Бұлт – тостақтан шашу шашты аспан да,

Домбыра үні шықты жерді басқанда

Үйіп едік, жылтырынан жинап ап

Көктеммін деп жазу жазды тастар да.

Балалықтың иісіндей таң лебі

Бұл ғұмырым, ғұмыр емес бал ма еді

Әр тал шашым раушан болып гүлдеп тұр

Көктем-ана, құшағыңа ал мені.

Жұлдыз БЕЙСЕК
Әрі қарай

Кешіккен көктем, сағындырған жаз

-Әке, ұзақ құсы оңтүстіктен ұшып келгелі қанша күн болды?
-Бір ай.
Таудың беткейін жапқан қар сұр тартып, ауа қызған сайын еріп, суға айналып жан-жақтағы тоң топырақ бетін жұмсартып, тау үстін шаю үшін төккен судай ақты. Сай-саладағы жылғаларға жинақталып, шағын өзенге қосылып оның күз айындағы салқын салмағын, қыс айындағы шөлін, шілде айындағы жайбарақат ағысын көктемдегі тентек, табанды мінезіне айырбастады. Тасып аққан судың даңғыр-даңғыр, ду-ду дауысы айналаны толтырды.
Күн ұзарды, түн қысқарды. Жазық беткейде, ойдымда, түн бетінде, жиналған судың беті қатпады. Ойдымдағы су сағат, күн санай иреңдеген, тебінген ұсақ-ірісі бар көгал жәндіктерінің дернәсілдеріне толды. Өйтпесе, көгал маса шіркейсіз, жорғалаған қоңыз, иреңдеген құртсыз иесіз қалар ма?
Сабағы жіңішке, қылтаң жас шөпті қара топырақ бетіне қадап, аптаға кешіктіріп көктем жасыл кілемін тоқып бітірді.
Бір жағы жартас, екінші жағы тік, ат-арба жүріп өтетіндей енді сайға жайылып аққан өзен сабырлық танытты. Тереңдігі қызыл асықтан аспайды. Су астында тастың үгіндісі құм болып жайылған. Тік түскен күн сәулесін шымырланғанған су бетінен шағылып жылтылдап, алма-кезек жанып өшіп, күн түсті ұшқын шашудан тұратын пердемен өзен бетін жапты.
Итмұрын қызғылт, мойыл ақ түсті гүлмен гүлдеді. Гүлден-гүлге бал арасы қонған шақ.
-Жаз шықтыма?
-Жаз шыққан жоқ, біраз күн қалды.
-Жаз шыққанын қайдан білеміз?
-Бақбақ гүлдеп гүлін ақ мамыққа айырбастағанда жаз шығады.
-Жазды сағындым. Әке?
-Не болды балам.
-Бақбақ гүлдеп, гүлі тез ақ мамыққа айналса ғой.
Әрі қарай

Көгілдір көктем еді

Көгілдір көктем еді...
Жә, тұра тұрыңдар. Осы жылғы көктемде біздер әдеттегідей тоғыз едік. Хмм, неге едік деп жатырмын? Әлі де тоғызбыз. Тек бұрынғыдай емес. Едік делік…
Ерназардың тоғызы болмасақ та, ел назарын аударған тоғыз едік. Біздің ортақ қызығушылығымыз болған. Үлкен бір қозғалыс, жастар көп жүреді. Қай-қайсымызда сол салада жетістікке жеткен жандармыз.
Осылайша, университет кезінен жақын дос болдық. Төрт ұл, бес қыз. Менен басқасының бәрі орыстілді. Жалпы, орыстілділердің арасында өзімді біршама комфортты сезінемін. Жасым жас (тавтология, пшик!) болса да, әлі күнге дейін ауқымды уақыт кеңістігінде олардан жақын достарым бар екеніне күмәнданам.
Бәріміз оқу бітірдік. Ортақ қызығушылықпен басталған тамырлық жалғасын таба берді. Қызметтерге орналастық, магистратураға түстік. Демалыс сайын жиналып тұратынбыз.
Темірбай (шын аты басқаша, әрине, оны сіз бұл дүниеден білмей аттанасыз) — арамыздағы ең белсенді, креативті достардың бірі. Онымен әзіл түсіну қабілетіміз, қалжың бағытымыз ортақ еді. Оның айтқан қылжақтарына мен қолдау білдіріп, менікіне ол қататын. Қазір бұның өзі маған күлкілі. :*))
Караоке деген біздің тақырып еді. Бір демалыс күні кешке кафеге жиналдық. Билейтін жері бар, даңғырлаған музыка, сөздерді естіртпейді. Саңырау шалға сөйлегендей айғайлап, құлаққа тақап кеп базарласып жатырмыз. Бір кезде Темірбайымыз бір маңызды нәрсе айтып жатқаны түсінікті болды.
Мен де отырдым. Көптеп-көмектеп жеткізді маған. Сондағы айтқаны: «Я — гей».

***
Блог - MERmukhanov: Көгілдір көктем еді
О, шешшшше, мені осыны естісін туып па ең жатырдан?
Жоқ, стоп! Оқиға алды дерек: әрине, ол қыз мінезді, даусы созылыңқы, майысқандау жігіт еді. Бірақ біз қанша жыл жүріп, ол тек жаратылыс ерекшелігі екенін аңғардық қой.
Енең болғыр-ау, сенің екі бірдей жүрген қызыңды білуші ем ғой…
… Жасы 24-ке кеп қалған бұл быратым 17 жасынан белсенді көгілдір болып шықты.
«Сәби кезімнен қарапайым еместігімді түсіндім,»-дейді епті. Епті шығар енді.
Мен танитын бастапқы курстардағы қызы оның сондай екенін білгесін тыныш қана кете қойған. Дұрыс қыз, жарықтық.
Екіншісі жай досы болған, типі нақ, «прикрытиесі». Бәсе, кейін маған несіне қырындап жүр мына қыз деп ойлап ем.
Сонымен… Біздің реакцияларымыз, әрине, шокты болды. Тоғыздықтағы екі қыз ертеректен біледі екен — бір топта оқыған қыз бен бір командада өнер көрсеткен қыз.
Қалған қыздар үйтіп-бүйтіп қабылдады. Тағы бір жігіт екеуміз сол күні іштік. Мен енді мүлдем ішпейтін адаммын, сол себепті бір саптыаяқ сіміргенімді де нәтиже көріп отырмын.
… Отырмын. Сабырлы қабылдадым. «Шамамен, білген, ұқсатқан шығарсың, шамасы» дейді байсалды реакцияма таңғалып. Ал мен философиялық тұрғыда ойланып отырмын. :-?
«Сенің тыныш қабылдағаныңа таңғалып отырмыз» дейді бәрі. Әрине, типажым қазақы, діни, ересек көрінетін оларға.
Біздің ішімізде ең ауыр қабылдаған — оның жан досы болды. Онымен бірінші сыныптан бірге, бір аулада, бір университеттік топта, бір ортақ қозғалыста болған «наглый», тікелеу жігіт. Оған кейін айтылды. Тыңдағысы келмепті.
Кейін дұрыс араласпай кетті. "Қанша рет балдарға ондай емес ол деп дәлелдедім, сол үшін қанша рет тірестім, төбелестім" деп кейиді. Мен де сатқындық деп қабылдар ем.
Темірбай әке-шешесіне де айтыпты. Шешесі "Әкең естімесін" депті. Кейін әкесі естігенде, ол да сабырлы қабылдапты. Білмеймін, қазақы емес отбасы болғасын шығар.

***

Не болсын? Өмір жалғасты. Ол тоғызымызда бұрынғыдай бәрі бір-бірімен етене жақын дос болып тұра алмады. Мен ғана бәрімен шүкір араласатын секілдімін. Бұған да үйреніп кеттік. Бір күні онсыз бір 3-4 адам боп қыдыра қойып едік, анау қиғылық салды. «Шеттесіңдер мені» деп. Тым белсенді боп, еркін пікірін айта бастады. Уатсаптағы ортақ тобымыздан мінез көрсетіп шығып кетті. «Скатертью дорога!» деп жазып жібердім.
Кейін оралды ғой. Тікелей бетіне басып қалжыңдай беретін болдық. Өзінің хикаяларын жазады. Жігіт те ауыстырып үлгеріпті. «Блеать, жазбаш нақ» деп ақырамыз.
Жақында Еуропаға демалысқа кеткен еді. Жігітпен, әрине. Уатсапқа: «Парижде ақшаларым мен төлем карталарымның бәрін жоғалтып алдық» деп жазады. Колдадық, жұбаттық. Бірақ бәрібір «Это все Боженька» деп жазып жібердім.
Жоғалтып алған, негізі, жұбы екен (жұбы, фу :-<). «Ээээ, может, это… девушку попробуешь, они, как правило, ответственные, аккуратные :d» деп жазып тұрмын. «Попытка засчитана» енді. Кім тыңдасын бірақ мені…

***

Көп жыл бұрын Рикки Мартиннің гей екенін естіп, таңғалғаным бар. Олар өмірде жоқ, сирек секілді көрінетін. Тіпті шетелдегі жұлдыздардың ондайы да таңырқататын. Қазір бәріне бей-жай қарай салатын болдық… Көгілдір досымыз да бар. Әрине, осы кезеңде айтқаны — сатқындық шығар. Бірақ өзі де оған келуі керек болған секілді. Неткен кешірімшіл… және шарасыз едік?.. Өкінішке орай, адам үш күннен кейін оларға да үйренеді. Бірге моншаға барып көрмегеніме, достық ниетпен қатты қапсыра құшақтамай өткеніме шүкірлік еттім енді. Ондайлар 30-ға таман дәстүрлі отбасын құрады деп жатады. Мен де сенем, бәлки, ықпал етем.
Өмір жалғасады.
Көгілдір көктем еді…
Әрі қарай

Көктемді көңілді өткізіп жатырмыз

Иә, Ақтөбеде қыстың қалай болғанын барлықтарыңыз білесіздер. Бірақ қар қанша қалың жаусада жазға жетпейтіні ақиқат. Көктем шықты,қар еріді ерімеген жерлерде бар арасында. Негізі биыл көктем Астанаға емес Ақтөбеге кеш келді. Өткен жылы 22 наурызда — ақ жер кебе бастаған, ал, биыл 22 наурызда қар ери бастады. Сонымен не керек көктемді қалай көңілді өткізіп жатқанымды баяндайын.

Алдымен үйден шыққанымда алдымнан мынадай аула күтіп тұрады.

Блог - 007: Көктемді көңілді өткізіп жатырмыз

Сосын бір жерге бару үшін мына жолға шыққанға дейінгі саяхатымды өздеріңізде түсініп отырсыздар

Блог - 007: Көктемді көңілді өткізіп жатырмыз

Ауланың екінші жағындағы жолмен шығып сабаққа барам ол мынадай

Блог - 007: Көктемді көңілді өткізіп жатырмыз

Алдымда әлі мына жолдар бар бұл қайта айналайын

Блог - 007: Көктемді көңілді өткізіп жатырмыз

Бұл жолдан кейін мына жолға түсем

Блог - 007: Көктемді көңілді өткізіп жатырмыз

Одан кейін барып мына жолға түсем

Блог - 007: Көктемді көңілді өткізіп жатырмыз

Сөйтіп осылай университетке де жетем ол міне

Блог - 007: Көктемді көңілді өткізіп жатырмыз

Университетке кіргеннен кейінгі ең бірінші жұмысымды бұл жолдармен күнде жүрген адамдар болса бірден түсініп отыр. Ол әрине шалбардың балағындағы батпақ пен аяқ киімнің табанындағы қалың қатпарды және үстіндегі лайды тазалау. Менің көктемгі таңым осындай позитивпен басталады, әрі түсте қайтарда бұл жағдай тағы қайталанады. Ұмытып барады екенмін өзі тар жолда су шашып кететін машиналар тағы бар.

Ps. Көктем деген жақсығой
Әрі қарай

"Көктемнен" қалыспайық...

Блогиада басталғалы көктеммен бірге Wordpress.com мен Kerekinfo блогтарына жан бітіп, блогшы қауым отауларына бас сұға бастапты. Біразына меймандап қайттым. Байқау серпін бергені көрініп-ақ тұр. Сапалы контент қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың бастамасы жаман емес сияқты. Көршілес блогтардан байқағаным,Бүркіт досым өткен-кеткен көктемді түртіп өтіпті. Өркеннің отауында көктем әр қырынан өріліпті. Әйгерім қыз көктемге біраз фотоөнерін салыпты. Араларында ұнағаны Нұрбергеннің жазбасы. Оқып отырып, әр көктеміңді көз алдыңа тізбектейді екенсің. Кітап жазғым келіп кетті. Көктем жақсы ғой. Жаңару. Жандану. Биыл Астанаға көшіп келгелі екінші көктемімді, өмір ағысында 35-ші көктемімді қарсы алып отыр екенмін. Бұған да шүкір. Былтырғы жылы елордадағы көктемімді қалай өткізгенімнен нышан да қалмапты. Тегі, ойда қалатындай ештеңе болмаған сияқты. Ол жылғы қаһарлы қыс та еңсені басып тастады ғой. Артта қалған ел-жұртты да сағынасың… Сәуір айында Медет пен Клараның концертіне барып, шығыс өңірі туралы әнді естіп, бір сағынышымызды тарқатып едік. Ееее, өмір-ай десеңші! «Тірі адам тірлігін жалғастырады» демекші, бұл көктем де есіктен кіргенін байқамай қалыппын. Мен өз «көктемімді» сағынбағалы да, сезінбегелі де біраз уақыт өтіпті. Тек блогиададағы жазбаларды оқығанда ғана, осы бір маусымның адам баласына берері мол екені есіме түсті. Көктем! Қалқаман ақын айтқан «Қара жердің қайғысын сейілтетін...» көктем, Ақберен өрнектеген «Көктем, көктем… өзге көктем!.. жаңа дем…» көктем, Алмас Темірбай суреттеген «Әркімнің өзінің көктемі болатын...» көктем, Серікзат жырлаған «Тіршілік оянатын көктеме бұл...» көктем, Ербол Бейілхан жазған «Жаңартатын жандарды ертегі...» көктем, Толқын Қабылшаның қаламынан туған «Көктем сені күткен ем… дәрмені жоқ..» көктем… Қайсы бір күні Ұларбек ақынның «Түнгi ұйкымда тербеткен кiм, Сағыныш па, жаңбыр ма? Тым кешiккен бұл көктемнiң, Сертi бар ма тағдырға?» деген өлең жолдарын оқыдым. Ехх, біздің көктем биыл да кешігетін сияқты-ау… Жұмыста отырмын… Ой құшағында… Көктемнің құшағында…
Әрі қарай

Көгерген «Көктем»... көгертпеді...

Сағат тілі зырғыған сайын, жүрегім аузыма тығыла береді.  Әр секунды мен үшін өзіме деген ыза мен өкпені арттыра түседі. Қаншама қысылтаяң сәттерде өзімді алып шығар табандылығым мен жанкештілігім қайда кетті...?
Әрі қарай

Жиырма бесінші көктем

Өзіңді түсінбейтін адамның қасында болудан артық жалғыздық жоқ ©
Өмірде жалғыздықтан асқан қасірет жоқ шығар. Себебі жан дүниенің жалғыздығы адамды түрлі ойларға жетелейді. Көбіне адамдар жалғыздықтың салдарынан өмірден түңіліп, өз-өзіне қол жұмсап, не өз ішіне тығылып депрессияға түсіп кетіп жатады… Алайда жалғыздық әрдайым ондай болмайды екен!
Мен осы аптада әдемі жалғыздықты кездестірдім…
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Оның есімі — Жеңіс.
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Жеңіс — суретші. Ол таң атқаннан кеш батқанға дейін өзінің шеберханасында…
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Осындай әдемііі түрлі-түсті бояулармен… Кенеппен… Өз ойымен… Жалғыз…
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Жеңіс өмірде жалғыз емес. Достары бар, жақындары бар… Бірақ ол шеберханасында, өзінің түрлі-түсті әдемі әлемінде, өз ертегісінде жалғыз.
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Жеңістің өз ертегісінде жалғыз болуының бір себебі бар. Ол бақытын Жеңіссіз тапқан бойжеткен.
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Ерекше көктемгі тақырып іздеп жүріп, мен осы жігіттің сол бір жиырма бесінші көктемін салып жатқан сәтінің үстінен түстім.
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Суретте «жаңбыр» осындай лактың көмегімен салынады.
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Жеңіс Нұртасұлының «Жиырма бесінші көктем» картинасы, кенеп, майлы бояу, 2014 жылдың көктемі

Жеңіс өзінің емес, өзгенің бақыты болып кете барған сүйіктісіне арнаған бұл картинасы жайында:
— Өмір қызық қой. Мәңгі бірге болатындай болып жүресің де… Бір уақытта ол жоқ болып кеткенде жаның қаңырап қалғандай болады. Тағдырыңа жазылғаннан қашып құтыла алмайсың дейді ғой. Өмірде қосылатын да, қосылмайтын да шын ғашықтар бар. Мен бұл картинаны жиырма бес жасымда өзіне қатты ғашық еткен бойжеткенге арнадым. Алайда біз бір бола алмадық…
Мына картинаға мән беріп қарасаңыз көөөп нәрселер көре аласыз. Адамдар, қала, көктемгі нөсер, түрлі-түсті гүлдер, үйлер, машиналар… бәрі-бәрі бар. Тек көре алу керек.
Негізгі акцент картинаға қараған сәтте бірден көзге түсетін екі ғашыққа түсірілген. Жандарынан қолшатыр ұстаған жалғыз қыз өтіп бара жатыр. Ол өмірде махабаттан басқа жалғыздықтың да бар екенін еске салады.
Жоғарырақ қарасаңыз нешетүрлі гүлдер көресіз. Біреулер оларды ағашта өсіп тұрған гүл деп ойлар. Жо-жоқ, ол көктемнің лебі. Гүлдеу, бүршік ату, құлпыру деген мағынаны береді. Байқап қарасаңыз гүлдердің арасында көктемнің ең әдемі гүлдерінің бірі «сиреньді» көре аласыз.
Көктемгі нөсер… Жаңбыр деген нұр ғой. Менің ойымша ол екі жасты бір қолшатырдың астына кіргізіп жауып тұрған нұр. Сонысымен картинаға романтика беріп тұр. Өзім жабырдың астында серуеңдегенді жақсы көремін. Бұл картина менің өмірімнің бір сәтінің көрінісі. Мәңгі осылай болғанда деген арманға толы туынды...
Әрі қарай

Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі

Астананың қысы ұзақ болғанымен, күнтізбе бойынша келіп жеткен көктемді көңілді етудің бірнеше жолы бар. Сүйгеніңіз тастап, махаббатыңыз қарамай қойса да мен айтқан әдісті орындаңыз, сонда өміріңіз шаттыққа толы болады. Ал, кеттік!

1) «Алау»
Блог - konvict: Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі
Әрі қарай

Араб көктемінің елесі

Блог - Marco: Араб көктемінің елесі
Жадымызда «Араб көктемі» деген атпен қалған бұл оқиғаларға да үш жыл болды. Біреудің қателігі бірдеңе үйрететін болса, нағыз ойланатын сәт келді. Тунистен басталған «демократия толқыны» бірнеше елді қатарынан төңкеріп кетті.
Әрі қарай

Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Көктем — халық қажеттілігінің ауысар тұсы: қыста қажет болған дүниелер көктемде мүлде іске аспай қалады немесе керісінше. Әсіресе, күнделікті біз елей бермейтін кей қызметтер мен тауарлар күн жылыған сайын қолданыстан сытыла береді. Көктем — табиғат жаратылысына ғана емес, кәсіпкерлердің қалтасына да өзгеріс алып келетін мерзім.
Астана қаласының бірнеше бизнес қызметкерлерінен сұхбат алып, көктем олардың тұтынушыларын қалай өзгертетінін білген едім.

Адамдар көктемде арақ-шарапты азайтады

Нұрбек, азық-түлік дүкенінің сатушысы
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Адамдардың тамақ жеуіне жыл мезгілі қатты әсер етпейді ғой, барлық кезде бірдей. Бірақ, күн жылығанда адамдар ішімдік сатып алуды азайтады, айран, сүзбе сияқты сүт өнімдері көбірек өтеді.

Қыздар күн жылыған соң көшеден-ақ такси ұстай салады

Сағи, такси жүргізушісі
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Қыста күніне 18-22 шақырту түсетін, қазір 14-ке әрең жетеді. Қызметіміз ауа райымен тығыз байланысты. Біздің басты клиенттеріміз қыздар ғой, олар қыста қысқа не жеңіл киініп шығады да, көшеде такси ұстап тұра алмайтындықтан бізге хабарласады, әсіресе, кешкісін көп хабарласатын қыста. Күн жылынған соң ол қыздар көшеден-ақ такси ұстай салады. Көктемде клиенттеріміз азайып кетті. Алдында қыздарды қыдыруға апарып-алып келіп жүрсек, қазір тек жұмысқа баратын-келетін адамдарды, қала қонақтарын тасимыз.

Адамдар қолөнермен күн жылығанда айналысатын сияқты

Сұңғат, қолөнерге арналған бұйымдар сатушы
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Қыста базарда суық болған соң ба, клиенттер аз болады. Меніңше, олар қолөнермен күн жылығанда көбірек айналысатын сияқты. Қыста күніне 20-30 адам келсе, қазір күніне 80-100 адам келеді. Өзіміз де айына бір рет әкелетін тауарды күн жылығанда көбейтіп, айына үш-төрт рет әкелеміз.

Көктем — тұсаукесер тойының мезгілі

Азиза, тойбастарға арналған бұйымдарды сатушы
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Тойбастарға салатын заттар қысқа қарағанда көктемде көп өтеді. Әсіресе, қыз ұзату, үйлену және тұсаукесер тойларына арналған бұйымдарды алады, тұсаукесер тойы басым. Сүндет той көктемде мүлде болмайды. Қыста күніне 10 адам ғана келсе, қазір 50 адамға дейін тойбастар бұйымдарын алып кетеді.

Көктемде дәріден гөрі витамин көп өтеді

Сәуле, дәріханашы
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Клиенттеріміз көктемде азайып кетті. Қазір ауру азайып, адамдар ағзасын әлдендіру үшін витаминдерді көп алады. Бірен-саран тұмауға, қан қысымының ауруларына арналған дәрілерді сұрап қалады. Көктемде гормондардың әсерінен жыныстық қатынасқа қажетті заттар да көбірек сұраныста.

Адамдар іш киімін көктемде көбірек ауыстырады

Сұлушаш, іш киімдер сатушы
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Қыста сауда үйлерінде өтетін шығар, базарда тауар мүлде өтпейді. Қазір көбейіп жатыр, енді басталады ғой. Әйелдер, әсіресе, қыздар іш киімдерін ауыстырып жатқан сияқты. Негізі бәріне керек зат қой бұл.

Көктемде халық арықтау үшін де жаяу жүруі мүмкін

Гүлзира, кондуктор
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Күн жылыса, адамдар жаяу жүреді ғой. Мысалы, арықтау үшін, ақша үнемдеу үшін. Қазір автобусымызға мінетін клиенттер азайды. Қыста суықтан қашып та мінетін еді, қазір тек жұмысқа баратын және қайтатын уақыт, түнде біз жұмыстан қайтар уақытта адам көбейеді. Күн ұзарған сайын біздің режим де ұзарады да, кинодан, серуеннен, басқа да жерден қайтқан адамдар автобусқа мінеді.

Көктемде қозғалыс көп болған соң «тысқа шығу» да көбейеді

Оля, базардағы әжетхана қызметкері
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Жабық ғимаратта отырсақ та, қыста адам аз болды. Қазір екі есеге көбейді. Күн жылынды ғой, адамдар көп су ішеді де, әжетханаға көп барады. Алдында тек жалға алғанымыз үшін төлейтін ақшаны ғана өтейтін едік, енді пайда түсіре бастаймыз. Көктемде күніне 200-ден аса адам келіп жатыр.

Күн жылынды — Астанаға келетін қонақтар көбейеді

Айгүл, пәтерлерді жалға беруші
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Пәтерлерді қыста да көп алатын, қазір одан сайын көбейіп жатыр. Астанаға келетін қонақтар көбейеді енді. Әсіресе, мейрамдарда бір жасап қаламыз, ол кезде бағаны да едәуір көтеріп тастаймыз ғой. Конкуреттеріміз де күннен-күнге артуда. Ақша табатын мезгіл келгенімен бәсекелестер кедергі келтіреді.

Қазір күніне 15 адамға дейін қызмет көрсетемін

Гуля, жезөкше
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Қыста күннің суығында тоңатын едік, қазір тоңбаймыз. Көшеде тұруға да көп уақыт кетпейді. Кейде тіпті «мама Роза» үйден шығармай, бірінен кейін бірін тізіп, клиенттер тауып қояды. Қазіргі клиент санын нақты айта алмаймын, санамадым. Шамамен, күні-түні 15 адамға дейін қызмет көрсетемін, кейде түн бойына алып кетеді мені. Ал, кейде сағатпен емес, 20 шақты палка ғана болады.
Әрі қарай