Көкжиек
Кеш… Күн ұясына қызарып батып барады. Дөң басында алысқа көз тастап, таяғына сүйеніп Асан атай тұр. Терең ойланып кеткені анық. Бір мезгілде төменде асыр салып ойнап жүрген кішкентай немересі Аслан жүгіріп келді.
-Ата, ата не туралы ойланып отырсыз?
Атасы немересіне күлімсірей қарады.
-Көкжиекке қарап отырмын. Көкжиек бұл аспан мен жердің түйісетін жері.Оның шетіне жету мүмкін емес.Сол секілді адамның да арманы небір ұшқыр қияли.Ешқашан соңына жете алмайсың.< Армансыз адам қанатсыз құспен тең> демекші әр адамның арманы болады және соған жету үшін аянбай тер төгеді. Ал менің бұл өмірде татар дәм-тұзым аз-ақ қалды.Бір аяғым жерде болса, екінші аяғым көрде.Кейбір армандарыма қол жеткізгеніммен әлі іске асқа қоймаған бірталай арманым бар.Соның бірі сенің ақылды болып өсіп, айналаңдағы қол ұшын керек адамдарға тірек бола білуің.ИншАллах сен ер жеткенде халқыңа арқа сүйер азамат тірек болар қорғанышы болғайсың-деп атасы немересіне ақ батасын білдірді.
Әрі қарай