@Simona мен кездесу :)

Салтаның туған күнін де, яғни 1 тамыз күні Симонамен кездестік. Германияда тұратын Симона жерлесті көру бақытына ие болдық  Жазған постары/пікірлеріне қарап мінезі қатал деп елестетіппін  витердегі образы реалдағы образына мүлде қарама, қайшы. Жайдарлы мінезді аруымыз біздің сұрақтарға жауап беріп, көп блогшыларымызбен тансып қайтты.

@Simona нигімен жүретін Сымбатпен, сонау 2007 жылы ашылған солай.де ауылынан витерде таныспыз. Өзінің жеке блогында Оқып жатқан ортасы, өмірі жайлы біраз инфо беріп тұрады. Тек соңғы кезде сабағына байланысты блог жазуға уақыты болмапты.
Кездесуге Өзіміздің таныс блогшылар кешкі 19.00де Сити кафесіне келе қалды. Шақырған жерден қалма деген  Өзім шақырған соң, мендегі бар контактыға почта+смс арқылы жібердім. Так что шақырылмай қалғандар ренжімесін, себебі, маған ешқандай контакт бермегендер деп білем)))

Көп нәрсе жайлы сұрап біліп, қанық болдық. Маған ұнағандары, Германиядағы плагиат жайлы, яғни арнайы қондырғымен біліп отыратын ұқсайды. Және соңғы кезде Жоғары лауазымды адамның докторлық жұмысы кей бір сөз/сөйлемдері плагиат деп табылып, Алмания қоғамында біраз шу шыққан болса керек  (надо же, бізді тұтас авторлардың жұмысы ұрланып жатқанда) сол даудан кейін, біраз лауазымды тұлғалар өз еркімен жұмыстан кететінін жария қылған деседі…
Және тағы ұнаған Германиядағы тазалық/тәртіп жайындағы айтылған коменттер)))
Тағы бір есімде қалғаны Германияда немкалардың көбі феменисткалар болса керек. Каблук кимейтін  қандай ұйымда, қандай бағытта болмасын, адам өзіне ұнағанын жасауы керек сияқы меніңше  каблук жасасын!!!)))

Кездесуде болған никтер: Қуаныш, Терискей, Қарасақал, Зере, Арсик, Мадлен, Балғырған, Симона, Монти.

Кездесуден суреттер: Балғырған, Симона фотоапараттарында кетті, сол үшін жекеде күтеміз

@Simona қазір ұшақта болар! Оқуыңа жақсы жет!!!
Әрі қарай