Жас жүрегімді кернеген сағыныш оты

О, туған жер, неткен ыстық құшағың. Таудан соққан саф ауаңды құшырлана жұтқым келеді.Көше бойлай өскен әр тал – терегіңді, жасыл желекке оранған әр қырат – беліңді сағындым. Өзге өңірдің алмасы жұдырықтай болса да туған жердің бармақтай бал татыған алмасының дәміне ешнәрсе жетпейді екен. Мен жырақта жүріп осыны анық түсіндім…


Ал, өзімнің туған жеріме келер болсам, Алматы облысына қарасты, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылы. Мен үшін Жетісудың жерұйығында орналасқан осы маң ыстық көрінеді де тұрады. Өйткені ол жерде сәбилік шақ, балдаурен күндерім өтті. Осыдан 10 жыл бұрын отбасылық жағдайыма байланысты нағашыларымның үйіне көшіп келген едім. Сол өткен 10 жыл мен үшін 10 ғасырға созылғандай көрінеді де тұрады. Ал,қазір мен өзім армандаған еліміздегі тамаша университеттердің бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алудамын. Басқа студенттер сияқты жатақханада тұрамын.Ғылыми-танымдық «Гүлстан» журналында журналист, экскурсавод болып жұмыс істеп жүрген жайым бар. Студенттік кез көп нәрсені жете түсіндіреді екен… Тағы бір түсінгенім: өмірдегі ең қымбатты сәт туған жердің топырағын басып, достарыңмен асыр салып, күліп- ойнаған кез екен. Мен соны ұқтым. Жас жүрегімді кернеген туған жерге деген сағыныш оты маздайды…
Әрі қарай