Спартак-Астана ойынына жанкүйер талдауы

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Спартак-Астана ойынына жанкүйер талдауы

Кеше ғана Юрмаланың «Тау құдыреті» деген құстың құрметіне берілген атауы бар шағын 2500 адам сиятын футбол алаңында «Кәрі құрлықтың» ең қызықты доп додасы Чемпиондар лигасының 2-кезеңінің ойыны болып өтті. Бұл ойында жергілікті «Спартак» командасы (әрбір посткеңістік елде Спартак бар ау шамасы) Қазақстанның астанасы Астананың «Астанасын» қабылдады. Тәжірбиесі, ойыншылар бағасы, деңгейі жағынан қонақтар алдын-ала басым болғаны бәрімізге белгілі, тіпті Букмекерлер біздің құрамаларға аз коэфициенттер беретің кездергеде жеткенімізге қуанбасқа болмайды.
Бәрін қойып ойынға тікелей келетін болсақ. Ең алдымен Ирландиялық Нейл Дойл есімді арбитр басқарған бригада жұмысына жақсы деген баға бергім келеді. Өрескел қателіктер жоқ, артық ойынға араласуда жоқ, қаталырақ екен дегенмен, бөле-жару, бұра-тарту байқалмады. Ал командаларға келер болсақ ойын деңгейінен ҚПЛ (Қазақстан премьер-лигасы) артықтау ештене байқамадым. ЛЧ емес ел чемпионатын көріп отырған сияқты күй кешеді екенсін. Астана өзінің деңгейін нақтылау әрекеттерін алғашқы минуттардан ақ бастап кетті. Дегенмен алаң қожайындарыда осал шағылар жаңғақ емес екендерін көрсете білді. Спартак қақпашысы Неругаластың ойының ерекше атап өткім келеді. Бірнеше сәттер команданы құтқарып қалғанда осы жігіт болды. Басқа өзбек жігіті Азиз Ибрагимовтың белсенділігін айта кетуге болады, басқа ойыншылар есімі ойымды сақталмапты өкінішке орай. Жалпылай алаң қожайындары үщін қорытынды есеп қатты жаман емес деп ойлаймын. Әйтпесе дәл осындай ойынмен іріректе ұтылуға боларма еді. Ал Астана ойыны шыны керек қатты қуанышқа бөлей алмады. Қажет емес сары қағаздар, өте көп нәтижесіз навестер, нақты тактикалық әрекеттерде көп байқалмады, Твумаси мен Кавананганың үш бұрыштарыда қатты эфективтілік бере қоймады. Мужиковтың дриблинктеріде нәтижесіз қалып жатты. Қорғаныс сауаттырақ ойнады десекте бірер қауіпті сәттерге жол беріп қойғанында атап өткеніміз жөн. Мокинның шеберлігін анықтайтын сәттер өкінішке орай болмады. Твумаси бұрыңғы командасына гол соғып қуанбағаны құрметтеуге тұрарлық деп есептейміз. Астананы әлеуметтік желідегі коментшілердің соққысынан да осы гол сақтап қалды. Қос жаңа ойыншы Граховац пен Кляйнхайслер ойыны қуантарлық екен. Тырысса пайда әкелетін ойыншылар екені сөзсіз. Жалпылама Астана көбірек гол соғаларма еді, әттен әрбір соққы гол бола бермейді. Ендігі үміт үйдегі ойында, Астана аренада Астана есе жібере қоймас. Бірақ бізге есе жіберу емес таза жеңіс керек. Сәттілік тілейміз. Кешегі коментатор айтпақшы Құстың сайрауынан емес, Тістің қайрауынан сақтансақ Зубтың командасынан айналып өту бізге қиындық соқтыра қоймас. Тағыда бір коментатор айтпақшы жеңісті күндерде жолығайық.
Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Спартак-Астана ойынына жанкүйер талдауы
Әрі қарай