Израиль

Исламның үшінші қасиетті мекені: Әл-Ақса мешіті орналасқан жер, қазіргі таңда еврей халқының астанасы — Иерусалимді (жалпы Израильді) бір зерттеп шықтым. Тарихи деректерге сүйенсек, еврей халқының отаны, еврей халқы ғасырлар бойы қоныстанған Палестина жері екен. Өмір бойы мысырлықтардан, римдіктерден, испандықтардан, француздардан, ағылшындардан, НЕМІСТЕРДЕН, бельгиялықтардан, португалдықтардан (жаза берсек кете береді) қорлық көрген еврей халқы 200 жылдай елсіз қаңғырып жүрді. Күні бойы зерттесем де, не үшін еврей халқын бәрі жек көреді? — деген сұраққа нақты жауап таппай қойдым (варианттар көп, барлығының өз шындығы бар сияқты). Сонымен, еврейлер 1897 жылы сионистер қозғалысын құрып, жаппай тарихи отанына оралуды шешті. Бұл Израиль мемлекетін құрудың алғашқы алғышарты ретінде саналады. Халық жаппай елге оралу барысында, Палестина жерінде мекендеген арабтар наразылығын білдіре бастады. Сол кезде әлемде үстемдік еткен британдықтар бірде еврейлерді қолдап, олардың Палестинаға орналасуына қарсылық білдірмейміз деген Бальфур декларациясын жарияласа, бірде арабтарды қолдап, Палестинаға кіруге рұқсат берілмейтін «Ақ кітап» шығару арқылы екіжақты саясат жүргізген болатын. Нацисттік жаппай қуғын-сүргіннен қашқан еврейлер (6млн.қырылды) Палестинаға заңсыз қоныс аударды. Арабтар мен еврейлердің Палестина жеріндегі қақтығысын шеше алмаған британдықтар 1947 ж. өңірден кететіндігін жариялап, жақында құрылған БҰҰ-на мәселені шешуді табыстаған. Ал енді қызық басталады, Израиль мемлекетінің құрылуына АҚШ Президенті Гарри Трумен көп үлес қосыпты, оған оның жастайынан досы болған еврей Эдди Джакобсон себепші болды-мыс. Ақ үйдегі қызметкерлердің көбі Палестина жерін екі мемлекетке бөлуді қолдамаса да, Г.Трумен өзінің саясатын жүргізді. Қазір Израильде Трумен атындағы мектептер, көшелер, зәулім сарайлар көп екен. 1948 жылғы 14 мамыр Израиль мемлекетінің жарияланған күні. 15 мамыр еврейлердің тәуелсіздік үшін соғысы, 5 арабтық мемлекет: Ливан, Ирак, Сирия, Иордания және Египеттің жан-жақтан шабуылы басталған күн. Міне, сол уақыттан бері Палестина жерінде әлі күнге дейін соғыс ошағы сөнбеуде. Еврейлер БҰҰ-ның арабтарға бөліп берген жерінің бөлігін басып алды. Арабтар күні бүгінге дейін толыққанды мемлекетін құрай алар емес. Қазіргі таңда, Израиль мемлекетіне бір мәрте барып келген азаматқа 9 араб елдеріне кіруге рұқсат жоқ.
Еврейдің қыздары да әскерге барады екен, қателеспесем үш жылға. Әлемнің кез келген мемлекетінде тұратын еврейлердің диаспоралары басқаларға қарағанда ұйымшыл болып көрінді. Олар қандастарына қара жұмыспен айналысуға рұқсат бермейді екен. Оларды өз ақшаларына оқытып, жақсы жұмысқа тұруына көмектеседі, кейін ол адамдар ортақ бюджетке ақша салып тұрады екен. Айтайын дегенім, қаншама зорлық көрген халық, бүгінде әлемнің жетекші мемлекеттеріне кіреді (33 орын). Шөл далада ауыл шаруашылығын дамыта білген, ИТ-технологиядан АҚШ-тан кейін екінші орында, информатика пәні ең алғаш рет осы елде оқытыла бастаған еврейлерге барлығы қызғанышпен қарайды. Қазақстан мен Израиль арасында дипломатиялық қатынас 1992 ж бері жүргізіліп келеді. Сарапшылардың көбі еврейлермен ауыл шаруашылығы саласында байланыс жасауды қолдап отыр.
Әрі қарай

Картон-велосипед: арзан және сенімді


Израильде картон қағаздан велосипед жасалды. Ол әрі арзан, әрі жеңіл. Бұл екі аяқты көлікті Изхар Гафни деген 50 жастағы израильдік дизайнер ойлап тапқан.
Велосипедтің қаңқасы толықтай қайта өңделген қағаз картоннан құрастырылса, дөңгелектері ескі көліктердің тесілмейтін резинасынан жасалған. Салмағы 9 келі тартады. Және ол жанып немесе суда езіліп кетпеуі үшін, арнайы органикалық материалдармен қапталған. Ал, әлемдік саудаға мұндай велосипедтер алдағы бес жылдың ішінде түседі. Бағасы небәрі 9 доллар (1350 тг).
Изхар Гафни, картон қағаздан велосипед жасаған өнертапқыш:
Менің ойымша, картон болашақта темір, алюминий секілді металдардың орнын басады. Қағаздан талай бұйым жасап шығару алдында тұрмыз. Ал, екінші жағынан, қаражаты аз, кедей елдер үшін бұл өте тиімді құрал. Өйткені, оған қол жетімді ғой.
Әрі қарай