Түркия билігі домбыраға назар аударды

Күзде Измирге келген алғашқы күндердің бірі болатын. Бөлмедегі түрік қыздармен танысып, жатақханаға орналастым. Түрік жастары көбінесе Ресейдің боданында болған мемлекет ретінде таниды. Ал үлкендері қысық көзімізге қарап, жапон, қытай деп ойлап, жөнімізді білген соң «ее, өзімізден екенсің ғой» деп емірене жақын тартып сөйлесе бастайтын. Бір күні бөлмелес бір түрік құрбым жерден жеті қоян тапқандай, жаныма жетіп келді де, ұялы телфонынан музыка ойната бастады. Өзі мәз! Таныс дауыс. Кәдімгі домбыра! Өзіміздің! Бірақ әннің сөздерінде біраз тілдік ерекшелік бар. Бірден таныдым. Түркия қазақтары арқылы бізге танылған ноғай композиторы –Арсланбек Сұлтанбековтің «Домбыра» әні болатын бұл. Риза болдым әлгі құрбыма. Ұлтымды білген соң, ізденіп әлгі өлеңді мен үшін телефонына жүктеп алыпты. Енді бұл «Домбыра» әні өзгертілген нұсқада Түркияның билік басындағы Режеп Тайип Ердоған басқаратын «Әділет және өрлеу» партиясының сайлау алдындағы басты насихат әніне айналмақ. Мынау түпнұсқасы
Мынау өзгерген нұсқасы.
Сурет авторы: Жанасыл Болатбек

Арасында Кавказдан келген сақалды Ахмет деген жігіттің де көмегі зор болды. Күнннің суығында дайындалатын жер тауып, біз үшін шыр- пыр болып жүрді. Видео кәдімгі қол камерамен түсірілді. Ол үшін өзбек бауырларға да рақмет! Ал, біз қазақтар биледік! Жемісі осы.



Бүгін алғашқы дәріс күні еді. Жайшылықта оңай деп жүрген түрік тілін мұнда келгенде тым терең білу керек екенін енді ұғынып жатырмын. Оқып жатқан салам түркология болғандықтан, кейін түрлі дәрістер өтеміз. Соның ішінде османлы түрік тілі деген дәріс болады алдағы жылдары. Қазіргі түрік тілін жетік игермесең, османлы түрік тілін меңгеру қиын соғады дейді. Сондықтан түрікшемді жақсарту үшін бір жыл түрік тілінен дайындық оқуға өтініш беріп қойғам. Алла қаласа бір жыл дайындық курсынан соң универді бастаймын.
