Байқау! Байқау! Байқау!

Журналистер арасында байқау жарияланды

«Қазақмыс» тобы мен Қазақстан Баспасөз клубы тау-кен металлургия секторы туралы жазатын журналистер арасында республикалық байқау жариялады. толығырақ

«Балапан» телеарнасы анимациялық сериал сценариіне байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК АҚ «Балапан» телеарнасы 10 мамыр — 10 маусым аралығында балаларға арналған, әрқайсысы 7 минуттық 20 сериялы анимациялық сериал өнімін дайындауға байқау өткізеді.толығырақ
Әрі қарай

"Матрица" демекші

Көптен ойда жүрген дүние еді.
Әбіләкімнің постынан кейін әбден бекідім.
«Матрица» — Internews Kazakhstan Орталық Азияда жүргізіп отырған жоба. Мақсаты: Орталық Азия елдерінде жаңа технологиялар дамыту )құдай, не жазып қойғанмын), Орталық Азия халықтарының ІТ сауаттылығын арттыру.
Әрі қарай

Алматыда журналистер мен блогерларға арналған Media Open Air өтеді.



Алматылық блогшылар мен журналистерге арналған хабарландыру оқып, өздеріңмен бөлісуді жөн көрдім.

Осы сенбі күні, яғни қыркүйектің 24-інде масс-медиа мен бизнес өкілдеріне арналған ойын-сауық шарасы өтеді. Шара Media Open Air'11 дейтін жаңа ақпараттық маусымның басталуына орай ұйымдастырылып отыр дейді. Басы-қасында жүргендер «Ренессанс» PR-агенттігі екен.
Әрі қарай

Орташа Есеппен Қазақ Журналисі

— Қазақша өте жақсы білемін деп ойлайды. Жалпы бар ойы – осы ғана. Бұдан басқа ойларын Инеттен көшіріп алады;
— Міндетті түрде ауылда туған болады (қалада туғандары — орыс редакциясында);
— Онымен сөйлескен адам: «журналистпен сөйлесіп тұрмын!» деп, өзін бақытты сезіну керек деп есептейді;
— Газетке, ТВ-ге біреуді шығару арқылы, оны бақытты қылдым деп есептейді, қарсылық білдірсе түсінбейді.
— Жауабы — сұрақтың ішінде тұрған сұрақтар қоюдан — әлем чемпионы. Мысалы, онсыз да дым айта алмай қор болып отырған менттің бастығына: «Қылмысты осылай алдын алып отырса, нұр үстіне нұр болмас па еді?» деген сұрақ қояды. Бірақ кейде менттер оның да жауабын ойланып отырады.
Әрі қарай

сабағым басталды :)


Бүгін алғашқы сабаққа қатыстым. Мені қазақ тобына қабылдаған жандарға(әсіресе қазақ бөлімін ұйымдастырушы Димашқа) мыңда бір алғысым шексіз :) Былайға керек инфоны инеттен оқып/біліп жүрсем де, көп білмейтін тұстарым :(, біреуге элементари болып
Әрі қарай