Диди және Жақау - "Қазағыма лайықты" ән жинағы

Жаңаөзендік Амангелді(руы — жақау) мен оралдық Данияр(Диди) екеуі бірлесіп айтқан "Қазағыма лайықты" альбомы шықты, меломаннан ала аласыздар. Негізі 16-шы желтоқсанда шығуы тиіс болатын, белгісіз себептерге байланысты… жарнамамдысс. қобыз бен домбыраның үнімен келістіріп айтқан, Диди(beat maker). Бұл Қазақстанда бұрын болмаған альбом десек те болады. Сапалы!
базар жоқ!!!
әлі де біраз өлеңдері шығу керек, салып отырамын.
ғаламторға шыққан өлеңдері:
Диди және Жақау — Қазағыма лайықты.

Диди және Жақау — Біздің Отан.

Диди және Жақау — Бас сардар.

Диди және Жақау — Анашым.

Диди және Жақау — Қарлығаш.

Диди және Жақау — Сенің бейнеңді көріп.

Диди және Жақау — Ұмытпадым.

Диди — Маңызды емес.

авторлық құқықты кім тексеріп жатыр дейсіңнақты сайты жоқ, zhamagat.kz және Жақаудың жеке сайты(қасапшылар) жақында ашылады.

және де жуырда Жақаудан жаңа клип.
Әрі қарай

Ибрагим Ескендір "Сабыр, халқым!"



Сөздері сүйектен өтті-ау… «Бұдан жаман күніңде де тойға бардың емес пе?»
Пы.сы. Әнге бұдан да сәтті клип түсіріледі деп үміттенемін.
6-наурыз, 2012 жыл. Жаңартылды.

Төменде осы әнге әзірленген тағы бір клипті ұсынып отырмын. Клипке қарап, бұны видео-мұрағаттарды ақтарып, әрбір сөзге сәйкес «картина» салатын, журналистикаға қатысы бар адам әзірледі деуге болатын сияқты. Екінші клип те онша ұнап тұрған жоқ. Жалғасын күтейін. Бұдан да жақсысы жасалар деп үміттенемін.

Әрі қарай

Әншілер қалай күн көрмек...

Мына посттан соң

Биыл, «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы Жаңа жылдық корпоративтік кештер өткізбейтінін баршаңыз естіген боларсыз. Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты Қазмұнайдың барлық еншілес компаниялары да «гулянкадан» бас тартты. Бірақ, мәселе мұнда емес. Бүгін редакцияда, осыған қатысты әншілердің пікірін білейік деген ой туды. Содан телефон соқтық.

Әрі қарай

Көшербаев кетсін, Назарбаев келсін!

Осының алдында жазған «Сыныққа сылтау немесе Маңғыстауға сабыр керек» атты постымды
Айтпақшы-4, Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты орнынан алу керек! 2006 жылы қалай облысқа басшы боп келді, солай көтеріліс басталды. Мәселені күшпен екіні бірі баса алады. Ал мәмілеге келіп шешетін лидер некен-саяқ. Міне, осы жерде біліктілік керек-ақ! Өзінің өкінішіне қарай, Қырекең ол межеден көріне алмады. Айта кететін тағы бір нәрсе, маңғыстаулықтар Көшербаевтың сөзін естіп, өзін көрсе, қан қысымы көтерілетін дәрежеге жеткен…

Айтпақшы-5, Өңірге жедел түрде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы келуі керек! Мен білетін Маңғыстау болса, олардың тыңдатайтыны әрі күрделенген проблемаға жауап бере алатын тек қана сол кісі!

деп аяқтаған болатынмын. Сол тілек орындалатын секілді. Бүгін, яғни желтоқсанның 22-сі күні Елбасы НӘН Ақтауға ат басын бұрды. Дұрыс шешім күтеміз.

Айтпақшы: Бейресми көздер бойынша, жаңа ғана Көшербаевтың орнынан алынғаны туралы ақпарат алдым. Облысты енді Бауыржан Мұхамеджанов деген кісі басқарады.
Әрі қарай

Жаңаөзен (1989-2011)


Болар іс болды, бояуы сіңді… Ел Тәуелсіздік мейрамын тойлап, үбір-дүбір болып жүргенде, батыстағы шағын қала — Жаңаөзенде «страшный» оқиға орын алды.
Әрі қарай

Болар іс болды...

«Аноним»


Толық көріп шықсаңыздар осы кинода бірдеңе бар. Сөздің құдіреті туралы. Шекспир. Ел алдында кіршіксіз өнердің әлеуеті любой әскеріңнен биік екенін көрсетеді.

Болар іс болды. Жаңаөзендегі жағдайды 86-дағы жағдаймен салыстырып жатыр. Арандатушылық дейді. 86 жылғы жағдайдың арты қайырлы болып, Азаттық алып берген болатын. Ал мынау жағдайдың арты не болар екен? Тек қайырлы болғай!
Әрі қарай

Жаңаөзен оқиғалары мен ол туралы пікірталастар туралы

Өзім аттас ілімнің жаман тұсы сол: кез келген, кім көрінген, көлденең көк атты, вертикал есек мінген, не керек — айналыспайтын адам жоқ. Тіпті кейде, осы саясатпен мал екеш мал да айналысатын шығар деп ойлаймын: бейшараларда тек тіл жоқ сияқты.
Дәл сол уақытта — саясат логикалық баспалдақ салып алып сөйлейтін ілім. Саясатта «Ақшасы көптер қанап жатыр!», «Шетелдегілер көре алмай отыр!» деген, асбөлмеуи-қатын өсек іске аспайды.
Бұған қоса, адамның бір осал тұсы бар. Ол — қорытынды шығаруға қажеттілік. Неге екені
Әрі қарай

Сыныққа сылтау немесе Маңғыстауға сабыр керек

Тәртіпке бағынған құл болмайды! (Бауыржан Момышұлы)

… Естіп жатырсыздар.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын міне тойлап бастағанда, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бүлік бұрқ ете түсті. "Қалай болды, кім бастады, неден, неге?.." деген т.с.с. сұрақтарға жауап бермеймін. Бере де алмаймын. Өйткені, мәселенің түп-төркіні алыста жатыр. Ал оқиғаға себепші — әрі билік, әрі оппозиция және «адамның құқын қорғағыш» әміркандық һәм батыси ұйымдар мен сымақтар. Келіспессіздер, алайда бұл менің пікірім. Бірі бері тартса, бірі ары тартты. Енді қара халық зардап шегуде…
Әрі қарай

Маңғыстауда не боп жатыр?


Ауылдан кеткеніме үш жылдан асып барады. Дегенмен, туған жерден кіндігім үзілмесі анық. Әр мезет ауыл жақтан оқыс хабар келсе, елегзіп те қаламын. Мен кеткелі бері талай оқиғалар болды. Алғашқы тосын жаңалық беймәлім үшеудің таксисті көлігімен алып
Әрі қарай