Жанға батар жәйт

Жазғы демалыс, бейқам бала көңіл, таң атқаннан қара кешке дейін алаңсыз асыр салып асық ойнап, ойнақы құлындай доп қуалайтын шақ. Бұл әрине қаланың іш пыстырарлық асфальтағы өмірінен алыстағы ауыл тұрмысы. Ал қалада қалай? Іш пыстырарлық деп айтып қалдық іш пысқаннан, жасарға іс таппай есіргеннен адам не істемейді. 2016 жылғы ІІМ-нің келтірген деректері бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қылмысы өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артқан. Дәлірек 3800 жеткіншектің ісі сотта қаралған. 49 бұзақылық қарақшылық, 527 адам тонау ісі мен 1930 ұрлық тіркелген. Буыны қатпаған қаршадай бала бұл қылмысқа қалай барды деп денеңіз тітіркенген болар бірақ бұл қорқынышты статистиканың басы ғана. Өмірдің не екенін өздері түсініп болмаған 23 жасөспірім өзгенің өмірін қиған, адам өлтірген. Осы сорақылықты болдырмай, қауіптің алдын алу үшін барлық мектептерде жасөспірімдер инспекторлары жұмыс жасайды. Жоғарыда айтылған деректерге қарап 2000-ға жуық мектеп инспекторлары босқа айлық алып отыр ма деген ойға еріксіз барады екенсің.
Қылмыстық оқиға қай кезде орын алады? Жасөспірімдер қатысқан қылмыстар көбіне түнгі уақытта яғни 18-ге толмаған балалардың ата-анасынсыз көшеде жүруге болмайтын кезде жасалады. Ол кезде қазақтың ата-аналары баланың қасында болмақ түгіл қайда жүргенінен бей хабар. Түнгі қала: интернет-кафе, түрлі ойын сауық орталықтары, түнгі клубтар мен соңғы кезде жастарды өзіне байлап алған play station орындары тіпті кальянханалардан да мектеп жасындағы балаларды кездестірсек таң қалмайтын болдық бүгінде. Бұл індет қазақы қаймағы бұзымаған қоғамымызға қайдан келді? Кім кінәлі? Баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын деп жүріп есіртіп алған ата-ана ма, жоқ әлде, өз жұмыстарына салғырт қарайтын мектептерден бе? Дұрысы тығырықтан шығар жол іздеген болар. 2010 жылы мәжілісте М.Айсина мектеп оқушыларына арнап жұмысқа баулитын еңбек лагерьлерін ашуды ұсынған болатын, сонда баламызды қара жұмысқа салып қоятындай ере түрегеліп қарсы шықтық. Осы идея қолдау тапқанда мүмкін жасөспірімдер қылмысы статаистикасының бағамы төмендеу болар ма еді. Бастысы баланың бос уақытына көңіл бөліңіз, өнерге, спортқа, ғылымға баулыңыз құрметті ата-ана. Бұл сіздің балаңыздың қылмысқа қатысушы болмаса да, қылмыс құрбаны болуда сақтап қалатын бірден-бір жол,
Блог - Jarkinai: Жанға батар жәйт
Әрі қарай