Күн күліп тұрған суреттер

Алматының көшелерінде жарнама ретінде осы кісінің суреттерін жиі көретінмін. Қарап қойып, мынау ана жер мына жер, майлы бояумен қалай ұқсатып салған деген ойлар келетін. Бастысы суреттерде күннің сәулесінің анық байқалатыны мені таңқалдыратын.
Кеше біздің қасымыздағы көрмеде осы суреттер тұр, көзіме оттай басылды. Көшеден көргеннен де әсері зор болды. Суреттері көңілді, қуаныш сыйлайтындай әсер алдым.

Қасымдағы болашақ өнер танушы жігіттің айтуынша: қазіргі кезде қазақстанда танымал суретшілердің бірі және суреттерінің ең арзан 500$ ал ең қымбаты миллионға дейін барады. Мен ойладым, жарнама агенттіктері жақсы жұмыс істейді екен деп. Дегенмен, суреттері өте көңілді.
Әрі қарай