Қасиетті, киелі мекен - Түркістан

Ескі Түркістан қаласы
(XV — XX ғ.ғ. бірінші ширегі)
Ахмет Иасауи кесснесінің салынуына байланысты (XIV) Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен — «Хазірети Түркістан» деп атала бастады. XVI ғасырдан бастап «Түркістан» атауы қалаға мықтап бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі — цитаделі және оны қоршаған шахарістаны сақталған. Цитаделінің көлемі — 2,6 гектар, шахарістаны -23,5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі — 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардан (М.Е.Массон) бері жүргізіліп келеді.
Әрі қарай