Жасы үлкен қыз

Үміттенген көздеріңе қараймын,
Менен, сірә, күтесіз-ау жылы сөз
Кейде сізбен кездесуді қалаймын,
Көргім келген арманымның бірі сіз.

Бірі емессіз кезектегі он қыздың,
Бөлектенді байқадыңыз жол біздің
Құмарымыз қанбаса да сол кеште,
Жақсы болды басылғаны тормыздың

Салынбадық уақытпен ерегеске,
Біздер жүрген қараңғы ел емес пе?!
«Қарамайды махаббат жасқа» десе,
Сыңғырлаған күлкіңіз келеді еске…

***

Хабары оның кеп тұрады, неліктен?
Кездеспекке, бәлкім, сылтау іздейді
Әңгімеміз суыса да еліткен,
Жасы үлкен қыз үмітін бір үзбейді
Әрі қарай

СТУДЕНТТРІМ-АЙ!

!Блог - ErnarSeytahmet: СТУДЕНТТРІМ-АЙ!

Кереку студент жастарының жағдайы жайлы мақала. Бұл мақала реалисті өмірдің көріністерінен сыр шертеді.

Бұл суреттің астында не жатқанын білсіз бе? Қазақ студент жастарының шындығы жатыр! Иә, біздер баяғыдан-ақ кетсек те, айлар бойы тамақтанбайтын студенттердің арасынан, қарны аш, қалтасы бос студенттердің заманынан өткен жоқпыз! Әр заман өзінің талабына сай сұраныс тудырады. Ендеше қазіргі студенттердің хал-жағдайы мен шәкіртақысы жайлы сөз қозғайық!

Ал құрметті студенттер санап көрейік:

әрбір студент, күнінде, кемінде 4 рет қоғамдық көлікті пайдаланады: 55*4=220, 220*30=6600 тг — қоғамдық көлік айына 6600 тг
кем дегенде күніне 300 тг тамақтану: 300*30=9000, тамақтану 9000 тг
жалпы: 15 600 (стипендия 15,300тг)
онымен қоса, айына 500 тг ұялы бірлік+қағаздарды басып шығару айына 1000 тг

Мен бұл жерде қоғамдық жұмыспен белсенді араласатын, спортпен шұғылданатын, әртүрлі үйірмелерге қатысатын студенттердің жағдайын айтып отырған жоқпын. Бұл универсалды, қарапайым, сабаққа барып келетін студенттің жағдайы.

Осы ретте жатақханада тұрмайтын, универден алыс тұратын ПМПИ студенттерінің хал жағдайына ерекше назар салғым келіп отыр! Ал стипендия уақытында түспей қалған жағдайда не қыл дейсіз?? Иә, жаяу жүреді!
Ал БИГ БОН мен РОЛТОНДЫ КӨП ҚОЛДАНУ МИ ҚҰРТТАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӘКЕП СОҒУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН ҒЫЛЫМ ДӘЛЕЛДЕГЕН!

ОСЫДАН КЕЙІН, ӨЗ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙ АЛҒАН ИСПАН, НЕМІС, ЕГИПЕТ, ТҮРІК МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚОЛ СОҚПАУҒА БОЛА МА???
Әрі қарай