ASBC Азия чемпионатының финалдары (видео)

Бүгін Инчхонда болған Азия чемпионатының ақтық ойындарының видеоларын салып отырмын. Еларнаны күтіп отырғандарың болса, қазірден бастап көре берсеңдер болады
Кешігіп жатсам, ренжи көрмеңдер — компьютерге жаңа келіп отырған бетім осы.
Өзіміздің қазақтардың жекпе-жектерін ғана салсам деп едім, реніш болмаса. Сонымен:

52 кг: Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) — Чаң Йоң (Қытай)


Әрі қарай

Төрт боксшымыз - финалда!

Бүгінгі күн өзі жағымды жаңалықтарға толы болып жатыр. Лайым осылай жалғаса берсін деп тілейік.
Оңтүстік Кореядағы Инчхон қаласында болып жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға шыққан бес боксшымыздың төртеуі финалға жолдама алды. Атап айтқанда:
52 кг салмақта Ілияс Сүлейменов филиппиндік Рей Салударды 30:17 есебімен талқандап тастапты. Финалдағы қарсыласы — қытай Йоң Чаң.
60 кг салмақта Айдар Әмірзақов қырғызстандық Абдилай Анарбайұлын (почти фамилияласым екен ) ұтқан. Есеп — 12:8. Мұның да финалдағы қарсыласы — қытайлық Лю Чиаң.
Рустам Сваев 69 кг салмақта өзбекстандық Нодирбек Қосимовты 38:34 есебімен жеңіпті. Ол да
Әрі қарай