Премьер-министрдің орынбасары Астананың спорттық және мәдени нысандарын аралады

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева бастаған делегация «Алау» мұзайдыны сарайын аралады. «Алау» мұзайдыны «жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік береді. Сондықтан тек қала тұрғындарының ғана емес, спорттық қауымдастықтардың да көңілінен шығуда.
Астана жаңалықтары: Премьер-министрдің орынбасары Астананың спорттық және мәдени нысандарын аралады

Елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың айтуынша, Астананы спорттық қала деп атауға болады. Қала халқының 30% жуығы дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Бүгінгі таңда елордалық спортшылар Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 11 лицензия жеңіп алған

– Біздің басым міндеттеріміздің бірі бұқаралық спортты дамыту болып табылады, бұл ретте жоғары жетістіктер спортына, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортқа да баса назар аударылады, – деді Е. Аманшаев.

Д. Назарбаеваның ойынша спорт нысандары коммерциаландырылып, өз шығындарын өздері көтеруге тиіс Бұл үшін қызмет көрсету саласын дамытып, қосымша табыс табу көздерін іздеу керек.

– Мектептер, секциялар ашу керек. Демеушілер тартудың басқа да көптеген жолдары бар. Шын мәнінде, бүгінде біз спорт саласында үлкен оптимизм танытып отырмыз. Жастар үшін бұл үздік нәтижелерге қол жеткізу, өз атын шығарып, қомақты қаржы табу мүмкіндігі. Бәріміз үшін бұл ұзақ өмір сүрудің жолы, ең бастысы, спорттық қызметтер қолжетімді болуы керек, бұл бюджетке түсетін салмақты азайтуға ықпал етеді. Егер нысан жақсы жұмыс істесе, бұл қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге мүмкіндік береді,- деді Д. Назарбаева.

Сонымен қатар, Д. Назарбаева осы сапар аясында № 81 Astana English School гимназиясында болып, бес күндік білім беру жүйесіне ауысу мәселесін көтерді. ҚР Премьер-министрінің орынбасары бес күн оқыған жағдайда, бірінші сынып оқушылары 1 маусымға дейін, тіпті, маусымның ортасына дейін оқуы мүмкін екендігін жеткізді.

— 1 қыркүйекте мектепке баратын бірінші сынып оқушылары 1 маусымға дейін оқиды. Біздің пайымдауымызша, ең көп дегенде оқу жылы маусым айының ортасына дейін созылады. Алтыншы күн жүктемені азайтуға арналған. Демек, баланың өз бетінше дайындалуына уақыт болады, бүгінде көптеген жеке меншікті мектептер солай істейді, — деп түсіндірді Д. Назарбаева.

Қалалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, елордалық мектептерде көптілді білім беру жүйесін енгізу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде Астанада 17 мектепте пәндердің жартысы үш тілде оқытылады.
Премьер-министр орынбасарының пайымдауынша балаларды үш тілде оқыту, олардың болашағына оң әсер етіп, білікті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
— Жаңадан білім алу керек, оның басым бөлігін ағылшын тілінде. Бүгінде халықаралық деңгейге сай жаңа кәсіптік стандарттар әзірленіп жатыр. Сондықтан мектептер, колледждер, университеттер бүгіннен бастап жұмыс істеуге дайын кәсіпқойларды оқытып шығаруы керек, біздің жастар күнделікті өмірде қажетті машықтарға ие болуға тиіс. Ағылшын тілін білу, компьютерді кәсіби меңгеру, ақпараттық технологиялар бойынша базалық білім – ең қажеттісі осы, — деді Д. Назарбаева.

Сапар «Жастар театрымен» аяқталып, қонақтардың назарына «Ревизор» спектаклі ұсынылды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай

Таңқалдырған ұқсастық..

Жаңалықтарда шыққан бір хабар елең еткізіп еді… Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің немересі Айсұлтан Назарбаев Астана қаласының «Локомотив» компандасының қосалқылары қатарына қосылыпты деген жаңалықтар… Содан Айсұлтан туралы біраз интернеттен гуглдетіп көріп едім..21 жасындағы Айсұлтан (Дариға мен Рахаттың Нұрәліден кейінгі екінші ұлдары) Англияда Челси және Портсмуттын жастар командасында да ойнапты..Ұлыбританияның «Сэндхерст» Корольдік Әскери академиясын тәмдамдаған екен…

Суреттерін қарап едім, атасынан аумай қалған екен деп таң қалдым… Сіздермен бөлісейін деген ой сап ете қалды..:)
Әрі қарай