Ескендір Хасанғалиев Сыр еліне құда болды

Ескендiр Хасанғалиев қашанда Сыр елінің қыздарының сұлулығына таңғалатынын жасырған адам емес. Бәлкім, жалғыз ұлы Біржанның өмірлік жарын осы өңірден таңдайтындығын сезген болса керек.Біржанның болашақ жары Ақмаржанның құлағына сырға тағып, қазақи дәстүрдің жалғасын жасады. Ақ алтыннан жасалып, 40 карат жаһұт таспен безендірілген сырға сұлудың құлағына жараса кетті. Айта кету керек, Біржанның қалыңдығы Алматы қаласындағы С.Асфандияров атындағы медициналық университеттің 6 курс студенті екен. Біржан екеуі араласып, өзара біліскеніне 3 жылдан астам уақыт болған екен. Отыздан асқан жасына қарамастан осы уақытқа дейін шаңырақ құрмаған Біржанның таңдауы болған қыздың Сыр елінен екендігі біздің мекеннің шынымен-ақ қасиетті екенін тағы бір дәлелдей түсті.

Біржан Хасанғалиев – Сыр елінің күйеу баласы

“Жаңа ғасырға жаңа ән”, “Шабыт” республикалық конкурстарының лауреаты, 2 симфониялық поэманың, виолончель мен фортопьяноға, камералық аспаптарға арналған шығармалардың авторы. 1978 жылы 1 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993-1997 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік консерваториясында оқыған.


<img src="http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/02/51/2011/08/24/9e9a80.jpg"  title="“Алтын сарай” мейрамханасы "  alt="“Алтын сарай” мейрамханасы " />


Ақмаржанның ата-анасы, той иелері Асылбек Абдуов пен Балшекер Өтегенова
Ақмаржан мен Біржан
Ақмаржан мен Біржан
Ақмаржан мен Біржан
Әрі қарай