Дайджест: хиджаб киген Барби
«2017 жылдың ең қайғылы жер сілкінісі» — Newsweek Ирандағы табиғат апатын осылай сипаттады. Зілзаладан 350-ден астам қаза тауып, жеті мыңға жуық адам жараланды. Кирмоншох провинциясы парламентінің депутаты Фарад Таджаридің айтуынша, Сарполь-э-Захаб қаласындағы жалғыз аурухана қираған. Емдеу мекемесіндегі қызметкерлер мен науқастар, барлығы 236 адам үйінді астында қалған. “Тамақ жетіспейді, жанармай жоқ, халық суықтан үсіп өлуі мүмкін». Иран мен Ирактағы 150 миллионнан астам адам дүмпуді сезінді. Сейсмологтар мәліметі бойынша, дүмпу ошағындағы магнитуда 7,2 балл болған.
«Филиппин басшысының Манилада АСЕАН саммитінің гала-кешкі асында орындаған әні Родриго Дутерте пен АҚШ президенті Дональд Трамп достығына басы болуы мүмкін», деп жазды Frankfurter Allgemeine Zeitung. «Мен Құрама Штаттар Жоғарғы бас қолбасшысының талабы бойынша осы әнді орындадым», — деп әзілдеді Дутерте. Азияға сапарының соңында тоқтаған филиппиндік астанада Трамп өзін сыпайы ұстады, АСЕАН төрағалығы кезінде атқарған жұмысы үшін президент Дутертені мақтады. „Родриго, сен кереметсің“, деп мақтады Трамп. «Дутерде қызметке келгелі бері өткен жылы шілдеде Филиппинде мыңдаған нашақор мен есірткі тасымалдаушы өлтірілгеніне қарамастан, сапар жақсы өтті», деп жазды газет. АҚШ-тың бұған дейінгі басшылығы мұндай саясатты қатаң сынаған.
«Мохаммед бен Салман Сауд Арабиясының Владимир Путині бола ма?», деген сауалға Al Jazeera телеарнасы жауап іздеген. Бірқатар сарапшылар тақ мұрагерін «Таяу Шығыстың Путині» деп атап жүр, Бұған оның Патшалықтағы батыл реформалары мен «олигархтарға» қарсы тұруы себеп болды. Al Jazeera'ның жазуынша, бен Салман да Путин секілді ішкі және сыртқы саясатта күш қолданғанды қалайды. Тақ мұрагері 2015 жылы Салман патшаның батасын алған соң Эр-Риядтың сыртқы саясатында басқыншылық басым болды – «Йемендегі соғыс, Катардағы блокада және, ең маңыздысы, жақында Ливандағы оқиғалар кезіндегі Сауд Арабиясының ерекше ықпалы, бұның барлығы Путин пьесасы жинағынан алынғандай», деп хабарлады телеарна.
Аун Сан Су Чжи көмекшілері батыс елдерінің елшілеріне ескерту жасап, «рохинджа мұсылмандарын қолдау арқылы Мьянмаға жасалған қысым елді Қытаймен байланыстырады», деп жазды The Wall Street Journal. Мұндай мәлімдеме АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның осы елге сапары қарсаңында айтылды. Басылым мәліметі бойынша, Тиллерсон Мьянмада рохинджалар тұратын Ракхайн штатындағы гуманитарлық дағдарысты реттеу үшін кеңес өткізеді. Бұл уақытта The Star газетінің Малайзия премьер-министрі Наджиб Раззакқа сілтеме жасап хабарлауынша, Мьянманың саяси жетекшісі Аун Сан Су Чжи Манилада өткен АСЕАН саммитінле Ракхайн штатына халықаралық гуманитарлық жүк жеткізуге алғаш рет рұқсатын берді. БҰҰ рохинджаны әлемдегі ең қатты қысым көріп отырған аз ұлт деп біледі, деп жазды газет.
Барби өндірушілер ерекше қуыршағын таныстырды. Өткен Олимпиада ойындарында алғашқы америкалық семсерлесуші Ибтихадж Мұхаммед алғаш рет хиджабпен жарысқан, осындай қуыршақ жасауға атлет үлгі болған, деп жазды Independent. Ірі америкалық Mattel Inc. корпорациясы мұндай өнім келесі күзде саудаға шығатынын жариялады. «Хиджаб киген барби» — қатып қалған қағидаға қарсы тұратын батыл әйелдерге арналған", деп мәлімдеді компания.
Әрі қарай