Влоггер болдым мінеки

Соңғы кезде мені профориентация мәселесі толғандырып жүр. Өмірде жар таңдаудан және мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөздің жаны бар секілді. Өз ісіңнен кайф алып жұмыс жасау — ол да бір бақыт.

Осыдан он екі жыл бұрын армандаған журналистикадан бас тартып, «престижный» заңгер мамандығын игерем деп шештім. Қазірге дейін азды-көпті білім мен тәжірибе жинадым. Алайда, соңғы кезде бұрынғы арманым оянып, қайта-қайта қол бұлғап шақыруда.

Кезекті демалысымды өткізуге барған Жапонияның релакс атмосферасы әсер етті ме, еш алдын-ала жоспарсыз, қолыма телефонымды алып қызық үшін қысқа видео жасадым. Жасаған сайын процесс ұнап, сапардың соңына дейін видео түсірумен болдым. Нәтижесінде бір сағатқа созылған видео шықты. Бастысы, процесс кезінде байқағаным, видеоны түсіріп, оны монтаждап, әуен қосып, толық видео жасаудан рахаттандым, барлығы жеңіл, еш қиындықсыз өзімен өзі жасалғандай болды. Бұл рахаттану — өз бейнеңді жариялап, эгоңды қанағаттандырудан болған рахаттану емес, жай ғана сүйікті нәрсеңді жасаудан болған рахаттану болды.

Қазір «Мен өз сүйікті ісімді таптым, енді жұмысымды тастап, саламды өзгертем» десем артық айтқан болармын. Алайда, шамам келгенше, хобби ретінде өзіме ұнайтын нәрсемен айналысуды жалғастырғым келеді. Бұдан не шығарын уақыт көрсетер. Әзірге дайын болған видеолармен бөлісе отырайын, кім білген, біреуге болмаса, екеуге қызық болар ;)






Бұл серияның соңғы видеосын бұйырса жақын арада жариялаймын. Каналыма жазылсаңыз, оны жариялаған бойда көресіз. ;)
Әрі қарай