Жасы үлкен қыз

Үміттенген көздеріңе қараймын,
Менен, сірә, күтесіз-ау жылы сөз
Кейде сізбен кездесуді қалаймын,
Көргім келген арманымның бірі сіз.

Бірі емессіз кезектегі он қыздың,
Бөлектенді байқадыңыз жол біздің
Құмарымыз қанбаса да сол кеште,
Жақсы болды басылғаны тормыздың

Салынбадық уақытпен ерегеске,
Біздер жүрген қараңғы ел емес пе?!
«Қарамайды махаббат жасқа» десе,
Сыңғырлаған күлкіңіз келеді еске…

***

Хабары оның кеп тұрады, неліктен?
Кездеспекке, бәлкім, сылтау іздейді
Әңгімеміз суыса да еліткен,
Жасы үлкен қыз үмітін бір үзбейді
Әрі қарай

Бозбала күнделігі: Махаббат он бесте де, он сегізде де, (жиырма екіде де) бірдей-ау.

Сізбенен бүгін тағы да кездестік. Әлбетте, мен сол баяғы көрінгенге көңіл білдіріп, ойын мен ессіздігі тонналы Ернармын. Сізді байқамастай орныма отырдым. Елден алыс, шыраққа отауын тіккен қазалы жан деседі біреу. Әлбетте, олай емес. Тек, Сіздей жанның өзгелермен әзілдесіп, күлімсіреп, маған назар аудармағанын сезгім де, көргім де келген емес. Арылмаған бойдағы қорқыныш пен үрей он бестегі алғашқы махаббатқа бой алдырмаған баланың кейпін іштей сезіп, сырттай жасырп жүрмін. «Махаббат жасқа қарамайды» дейді ғой, енді түсіндім. Махаббат он бесте де, он сегізде де, (жиырма екіде де) бірдей-ау.
Жігіттер «Кез-келген қызбен таныса алар потенциалым» бар деп бір-бірімізге мақтанамыз. Әрине, ондай "қасиетттен" ада емеспін, алайда, сен дегенде сөз айту, ойлы пікір мен ұстамдылықтың барлығы жүректің түкпірінен шыға алмай қалатын сынайлы.
Сендегі құдырет те осы ғой: менің іштей өзіңе асық екенімді біле тұра жақындатпайсын, көрмейсін, жауап қатпайсын. Қатпағанын да жөн-ақ, өйтпегенде мен бұл университетке сыймай кетер ем ғой… Жә, түн батқан шақта ойыма орала берер заирімсін менің. Коэльодай сен жайлы кітап жаза алмасам да, күнделігімнің біраз парақтары мен өлеңдерімнің шуақтары сен деп жазылғаның ұғынарсың бір күні.
Қызғаншақпын, сенімен күлімдескен азаматтардың барлығынан ата-жауымды көретіндеймін. Мейлі досым болсын, әріптесім болсын. Иә, олар мендегі сезімді білмейді ғой… Түннің уағы он екіден асқан соң ұйқыға бату жөн шығар. Қош бүгінгі қайталанбас күн…
Әрі қарай