Алтын ордам - Балқашым!



Өзімнің туып өскен жерім, қасиетті мекенім Балқаш қаласы жайлы ой-өрбітейін деп отырмын. Қарағанды облысынан 380 км шақырымда орналасқан. Ең алғаш 1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Кейін 1937 жылдан бастап Балқаш қаласы деген статусқа өзгертілді.
Балқаш қаласы несімен ерекшеленеді? Әрине, ең алдымен көз алдымызға мөлдір-таза көлі елестейді.




Қаламызда 20 шақты білім ордасы, денсаулық сақтау орталығы, кітапханалар, мұражайлар және де жастарымыз бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған "Өнер мектебі", «Спорт кешені», «Оқушылар сарайы», бассейндер бар.
