Батыс көрген. Атырау Шымкенттіктің көзімен

Тақырыпты осылай қойдық енді. Қанат ағамыз ренжи қоймас.
Жалпы, Қазақстанның батыс өңірлерінен тек Ақтөбеге ғана барыппын. Онда да тек бір тәулікке. Алған әсерімді жеткізіп көруге тырыстым. Пост тым мылжың, мәні мен мағынасы жоқ құр ділмәр көрінсе тіпті фейсбуктан да өшіріп тастауыңызға рұқсат. Ал шыдап, аяғына дейін оқимын десеңіз — уэлком :)


Атырау

Қаладан алған әсерім соншалықты керемет деп айта алмас едім. Ия, қонаққа барып тұрып дастарханын жамандап кеткен секілді көрінер, бірақ, Атыраудан үлкенірек нәрсе күткенмін (бәрібір, Европа емес пе?!). Көбі жер үйлер. Бірақ бұл — толық газбен қамтамасыз етілген қалалардың ортақ «ауруы» секілді. Адамдарға зәулім сарайлар емес, ыңғайлылық қой керегі деп ақтап алуға болатын шығар. Табан аттасаң ескерткішке кезігетін Қызылжардай емес, парктері де ескерткіштері де аз көрінді.
Екі адамның бірінің аузында «Бергей». Тіпті, Бергейдің кезінде жасалған тірліктер — көрсеткіш ретінде де айтылады ау деп шамаладым. «Бергейдің кезінде соғылған жолдар ғой, оның алдында негізгі 2-3 көшеден басқаның бәрі ми балшық болып жататын», «Бергей кезінде басталған құрылыс қой», «Бергей бітіре алмаған ғимарат қой» деген тіркестерді көптеп кездестіресіз.
Халқы бақуатты көрінді. Көшедегі халықтың түрі «Ертең не жеймін» деп айтып тұрған жоқ әйтеуір. Адамдардың сөздерінен бір паңдық байқалады. Айтпақшы, батыста сервис жоқ деген мифті бұздым өзім үшін. Ия, Шымкенттегідей жаныңда тұрып, әке-көкелеп шығарып салмайды, салқынқанды, бірақ тиянақты. Ия, аздап бағалары қымбаттау, дәріханалары мен дүкендерінің арасы алшақтау, бірақ әбден ақ тұруға болатын қала.

Блог - Daniar-Alan: Батыс көрген. Атырау Шымкенттіктің көзімен

Ұйымдастыру

Жетінші құрылтай. Мақтануға әбден ақ болатын шара. Қазақстанда жеті рет қатарынан өткен шара саусақпен санарлық шығар (егер мүлдем жоқ болмаса).
Мойындаймын, өзім биылғы ұйымдастыруға былтырғыдай қатыса алмадым. Тек сыртынан сілтеп қана отырдым. Белгілі себептерге байланысты бармай қалуым да мүмкін еді.
Барғанша уайымдап барғаным рас, бірақ шара мен ойлағаннан да тамаша өтті. Ұйымдастырушылардың мұндай тірлікпен бірінші рет келіп тұрмағаны бірден байқалады. Барлығы бірқалыпты, бірінен кейін бірі, рет-ретімен өтті.
Ең таң қалдырғаны — zhasatyrau.kz сайты. Редакциялық құрамы жастар болғанына қарамастан сақа журналистер секілді жұмыс істеді. Оператив, креативке толы посттар салып отырды. Ал Әшірдің жасаған видеолары оперативті ғана емес, професионалдығымен де ұнады. Жалпы, келешек Астаналық жастар ғой ;)

Блог - Daniar-Alan: Батыс көрген. Атырау Шымкенттіктің көзімен

Спикерлер

Биыл форматы аздап өзгеше болғанын өздеріңіз де көріп отырсыздар ғой. Алғаш рет тек қазақтілді емес, орыстілді спикерлерді де қостық. Ұсыныс Атырау жақтан келіп түсті, қуана қарсы алдық.
Орыстілділерге де, қазақтілділерге де өзін мойындатып тастаған Әлішер Елікбаевтың келуі — құрылтайға тың серпін берді. 1 сағаттық қана презентациясында тіпті менің өзімді мотивациялады (қазақшасы қалай?). Аудиторияны бес ақ минуттың ішінде баурап алды да соңына дейін тура сол қалпында сақтады. Өзін қарапайым ұстайды екен, тым ресми шаралар оның да жынына тиеді екен :)
Былай, сөйлесіп көрдік, мүмкін «Жазғы блогкемпте» спикер ретінде тағы шақыратын шығармыз :)
Әнуарпейісов. Байтук. Молния Ноу коммент :) Құрылтайдың тақырыбы — азаматтық журналистика болған соң, бұлар да жүруі керек болған шығар енді. Келесіде жүрмейтініне уәде беремін.

Блог - Daniar-Alan: Батыс көрген. Атырау Шымкенттіктің көзімен

Брогерлік

Құрылтай біте сала Абзал Сариев осы сөзді ұсынды. Брогерлік — блогшылардың бір-біріне достық сипаты, қолдауы, мүдде-мақсаттарының бір болуы. Ұшақтан түсе сала аяғымызды жерге тигізген жоқ. 2 күн бойы бүкіл жұмыстарын тастап, тәулік бойы жанымызда жүрді. Fishбармақтың дәмін таттық алғаш рет :) Қаланы да аралатты.
Эээ, бұл туралы көп жазбай ақ қояйын ;)

Осымен болып қалды ау. Сөз соңында блогқұрылтайды ұйымдастырғаны үшін, жаңа деңгейге көтергені үшін — барлық ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын.
Жаңалық күтіңдер ;)


PS: фотолар zhasatyrau.kz сайтынан алынды.
Әрі қарай