Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі

Біздің түсінігімізде қазақ фильмдері «Қыз Жібектен» басталып «Атаманның ақыры», «Менің атым Қожамен» басталып 90-шы жылғы жаңа толқын фильмдері мен 2000-шы жылдан бергі фильмдерді қамтиды. Бар-жоғы 10-20 фильмді айтып бере аламыз.
Осы мифті бұзу үшін Қазақстанда түсірілген 10 тек байопик фильмдерге шолу жасап көргім келді. Тізім фильмнің хронологиялық ретінмен жасалды.
Байопик белгілі тұлғалардың өмібаяны негізінде түсірілетін фильм. Өнер адамдары, саясаткерлер және діни лидерлер туралы болуы мүмкін. «Амадей», «Рэй», «Темір леди» сынды фильмдер — байопик жанрының үздік мысалдары.

1. «Амангелді» (1938)
Блог - Nodar: Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі
Фильм 1916 жылғы көтерлістің бір басшысы Амангелді Имановтың күресі мен оның Қазақ жеріндегі Кеңес Үкіметінің орнауына қосқан үлесін баяндайды. Сценарийін жазғандар Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповтер бар. Фильмнің музыкасын жазғандар қатарында ұлы Ахмет Жұбанов та бар. Басты рольдерде біз танитындардан Шара Жиенқұлова мен Құрманбек Жандарбеков, Каллекей атанған Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұловтар ойнаған.
Қазақтың ең алғашқы дыбысты фильміне сол кездегі қазақтың бетке ұстар өнер тарландарының барлығы ат салысқан.
Фильмді тарих сабағында 1916 жылғы көтеріліске арналған сабақта қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Тарихи немесе деректі фильм ретінде емес, жалпы сол кездегі жағдайдың картинасын көру және қазақ кино өнерінің тарихын білу мақсатында.

2. «Жамбыл» (1952)
Блог - Nodar: Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі
Басты рольде Шәкен Айманов, Құрманбек Жандарбеков ойнаған. Мұқан Төлебаев композитор ретінде өз үлесін қосқан. Сценарийін жазғандар қатарында Әбділда Тәжібаев бар.
Фильмнің не туралы екендігін айту артық.
Жамбылды әдебиет сабағында мұғалімдер өлең жаттауға ынтасы мен қабілеті жоқ оқушыларға фильмді қарап, соған анализ жасауға тапсырма беруге болады.

3. «Оның уақыты келеді» (1957). Орысша – «Его время придет».
Блог - Nodar: Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі
Атауы керемет осы фильм аққан жұлдыз Шоқан Уәлихановтың қысқа ғұмырына арналған. Режиссері қазақ фильмі тарихында биографиялық фильмдердің атасы атанған Мәжит Бегалин. Басты рольді Нұрмұхан Жантөрин ойнайды.

4. «Артымызда Мәскеу» (1967)
Блог - Nodar: Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі
Бауыржан Момышұлының материалдары мен кітаптары және өмірбаяны негізінде түсірілген фильмде 318-ші Панфилов дивизиясының ерлігі суреттеледі.
Фильм өз заманында өте танымал болып, бірнеше халықаралық фестивальдердің жүлдегері болған.

5. «Мәншүк туралы дастан» (1969)
Бұл фильмнің де режиссері Мәжит Бегалин. Басты рольде Мәншүк образын Наталья Арынбасарова сомдаған.

6. «Знай наших» 1985
Блог - Nodar: Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі
Сұлтан Ходжықовтың туындысы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өміріне арналған. Фильмде орыс батыры, француз күресінің шебері Иван Поддубныйдың жетістіктерімен ынталанған Мұқанның Парижге келіп екі жүлделі орын алуы туралы суреттеледі.

7. «Сұлтан Бейбарыс» (1989)
Бұл көркем фильм Қазақфильмнің Египет елімен бірігіп түсірген туындысы. «Сұлтан Бейбарыс» Морис Семашконың «Емшан» атты повестінің желісінде түсірілген. Ішкі монологқа толы фильмде басты рольді Нұрмұхан Жантөрин ойнайды.

8. «Абай» (1995)
Режиссері – Ардақ Амиркулов. Басты рольдерде Ғабиден Тұрықбаев, Тұңғышбай Әл-Тарази, қырғыз актері Болот Бейшеналиев пен Бикен Римова ойнайды.

9. «Мұстафа Шокай» (2008)
Сатыбалды Нарымбетовтың бұл фильмінде Мұстафа Шоқайдың драмаға толы өмірі, саяси және жеке өмірі баяндалады.
Басты рольдерде әнші Карина Абдуллина мен Болот Бейшеналиев ойнайды.

10. «Біржан Сал» (2009)
Бқл фильмде режиссер Досхан Жолжақсынов басты рольді сомдайды.

Жақында прокатқа «Құнанбай» фильмі шыққаны белгілі. «Аманат» атты тарихшы Бекмахан ағаның өмірін суреттейтін фильм де шықты.
Келешекте әр жанрда, соның ішінде триллер, экшн жанрларында қазақ фильмдері шығып, сапасы артып, Голливудпен бәсекеге түспесе де, Индонезия, Таиланд, Корея, Франция сынды өз нарығын толық қанағаттаныратын, жан-жақта фанаттары бар елге айналатынан сенімдімін.
Әрі қарай