Керектіктермен алғашқы кездесуім

Мен бұл күнді расымен де ұзақ күттім. Имандай шыным. Басымда қанша шаруа болса да ысырып қойып Жалғас айтқан керекпатиға бардым. Бұл жолы бармасам, болмайтын сияқты көрінген етін

Мен барғанда Димаш, Жалғас Ертай, Ернар Бекен, Ербол ағай, Айнұр Ракишева, Мадлен, Айқаракөздер болған еді. Кеткенше де солар ғана болды. Барлық керектіктер болмаса да, өзім жақсы көретін Қисық, Ертай Жалғас (Ернар Бекенге онша сезімім жоқ) және қыздармен танысып, бетпе-бет жүздескеніме, тіл қатысқаныма шын қуандым)) Сол баяғы, дәл осы керекинфодағыдай атмосфера. Еркіндік, шынайы болмыс, қызу талқы деген сиқты кете береді…

Қисық — отырған, тұрған беті красавчик екен сол бұрынғыша. Жалғас — тым ақкөңіл сияқты көрінді. Мадлен — аққұба,қарақат көз. Айқаракөз әңгімені джынды айтадкен және күміс қоңырау күлкісімен тәнті қылды Айнұр — ерке қыз. Ернар мен Ерболдың есімдері ұқсас сияқты көрінді маған

Содан сол, жатақханаға үлгерейік деп ерте қайтып кеттік Айнұр екеуіміз. Керектіктермен алғашқы кездесуім осылай болды. Мен қуаныштымын. Бары осы ғана
Әрі қарай

Керекинфода аламан айтыс басталды ағайын

Құрметті Керектіктер, бүгіннен бастап мынадай идеяны жүзеге асырғалы отырмын. Кешегі Абзал мен Әдемі әлемнің айтысынан кейін тасыма сарт ете қалған осы ой маза берер емес. Сондықтан Керектіктердің арасында қойтістердің тойыс айтыскердің басын қосып, айтыс ұйымдастырып отырмын. Аламан айтыстың шарты мен барысы мынадай:
Әрі қарай