«Аяулы арман» хикаясы

Фильмнің негізіне Аңсар, Беркін, Едіге және Көркем атты төрт жетімнің тағдыры алынды. Олардың әрқайсысы өзінің асқақ армандарына сеніп, мақсаттарының орындалуына үміттенеді.

Нақты ғылымдар мен өздігінен дамуға бейімі бар Аңсар ұшқыш болуды армандайды. Ол бала кезден бастап өзінің туған ата-анасы туралы бар шындықты білуге асығады. Олардың қандай жағдайға ұшырап, өзінің балалар үйіне қалай түскенін білгісі келеді.

Беркін – тұйық, бірақ жақсы өмірді армандайтын пысық жігіт. Ал Едіге болса айналасындағы адамдарға деген мейірімділігімен ерекшеленеді. Ол музыкант болуды және музыкалық байқаулардың бірінде жеңуді армандайды.

Олардың бастан кешкендері Алматыға көшіп келгеннен басталады. Мұнда әрбір кейіпкердің отбасыларына байланысты құпия өзінің жеке тарихтары басталады.

Басты кейіпкер Аңсардың өмір жолында анасына қатысты ақпаратты құпия хаттар арқылы жеткізуге тырысқан бейтаныс әйел пайда болады. Осылайша, Аңсар ата-анасы туралы біліп, олар жайлы өздігінен ақпарат жинай бастайды.

Басқа екі кейіпкердің өмірі қиындықтар мен қауіптерге толы болады. Оңай ақшаның артына түскен Беркін есірткі сатушының қақпанына түсіп, қылмыстық ортаға тап болады. Ал Едіге болса, әкесінің бұрынғы бірге істеген қызметкерін кездестіріп, баланың тағдырына алаңдаған жанның «мейіріміне» бөленеді. Уақыт өте келе ғана көрермендер бұл адамның қандай «мейірімді» екенін түсіне бастайды.

Әрине, фильмде махаббат тақырыбы да тыс қалмайды. Бас кейіпкерлер түрлі сезімдерге бөленіп, махаббаттың ыстық-суығына күйіп-тоңады. Үш достың әрқайсысына борыш сезімі мен жаңа мақсаттар жолында өзінің бала армандарынан бас тартуға келеді.

Туған ата-анасы кім және қандай адамдар болғанын Аңсар біле алар ма екен? Әділдікті орнату достардың қолынан келе ме? Көрермендер бірінші көріністерден-ақ баурап алатын үш жетімнің өмірі туралы түсірілген көп сериялы драманы көріп, осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап алады.

Хикая шытырман оқиғаларға, романтикаға және түрлі қисындағы сюжеттерге толы.

«Аяулы арман» хикаясының тұсаукесерін 2016 жылғы 31 наурыз күні сағат 21:00-де «Қазақстан» телеарнасынан тамашалаңыздар!
Әрі қарай