Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын

______________________________________________________________________________________________________

Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
______________________________________________________________________________________________________

Жүйрік атты жарату, бәйгеге қосу, тұлпар туар құлынды тап басып тану қазақ атбегілерінің байырғы өнері. Сол өнерді ұрпағына үйретіп, ата-бабасының дара жолын жалғап отырған адамдардың бірі Омаровтар әулетінің ақсақалы Ыбырайахын ата. Өткен аптада Алматы облысының Ұзынағаш ауылына жолымыз түсіп, жас та болса Ыбырайахын Омарұлының сәйгүліктерін бәйгеге дайындап, жүлделі орындарды бағындырып жүрген атбегі Әділет Ноқатаймен сұхбаттасудың сәті түсті.
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Айта кетерлігі, биыл Әділет жаттықтырған «Жаннұр» мен «Қыран» есімді екі сәйгүлік Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орайластырылған «Алтын тұлпар» және «Астана жұлдыз» бәйгелерінен бас жүлдені қанжығаларына байлады.
______________________________________________________________________________________________________

Атбегілікпен айналысқаныңызға қанша жыл болды?

Өзім Жамбыл облысы Меркі ауданының тумасымын. 5 сынып оқып жүрген кезімде атқа құмарттым. Бұл қызығушылығымды байқаған Мақсұт Несіпбаев деген кісі мені өзіне шабандоз етіп алды. Шабандоз бола жүріп сол кісіден атты баптауды үйрендім, тәжірибе жинадым. Уақыт өте келе бәйгеге қатысатын тұлпарларды жаттықтыруды қолға алдым. Мақсұт ағаммен бірге 10 жылдай жұмыс жасап, біраз жетістіктерге жеттім. Ыбырайахын атаның қоластына келгеніме 3 жылдай уақыт болды. Үш жыл деген аз ғана уақыт болғанымен, Омаровтар әулетімен бірге үлкен асуларды бағындырып келеміз.
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
— Атбегінің жұмыс күні қалай басталады?
Біздің жұмыс күніміз таңғы сағат 6-да басталады. Жұмысқа келгеннен соң ең алдымен аттарға жем-шөбі мен суын береміз. Сағат 9-ға таяу жеген тамағы қорытылып, кейін аяғына салмақ түсірмеуі үшін аттарды жүргізіп қайтамыз. Түске кезінде аттарды тағы да суғарып, қантарамыз. Одан кейін сағат 3-тердің кезінде шабандоздарымыз сабақтарынан келіп, аттарды жаттықтыруды бастаймыз. Жаттығу әдетте 3-4 сағатқа созылады. Одан кейін сағат 8-де кешкі тамақтарын, суын береміз. Сонымен жұмыс күні аяқталады.
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
— Қарамағыңызда жаттықтыратын қанша жылқыңыз бар?
Біздің атқорадағы жылқылар негізінен Қазақстандағы ертеден тарихы мен дәстүрі бар атақты «Дегерес» жылқы зауытының тұқымдары. Шетелден қан жаңарту үшін ағылшын тұқымды айғырларды алып келіп, осыларға қосамыз. Құлындарын алып, өсіріп, бәйгеде жүгіртеміз. Қазіргі уақытта жаттықтырып жүрген 20 тұлпарымыз бар. Олардың барлығын да бәйгеге қатыстырдық. Авто көлік ұтып бергені бар, қомақты қаржылай жүлделерге ие болғаны бар.
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын

— Жақында екі бірдей үлкен бәйгенің бас жүлдесін еншіледіңіздер. Осы екі тұлпарыңыз туралы айтып беріңізші?

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Астана жұлдызы» және «Алтын тұлпар» бәйгелеріне екі сәйгүлігімізді қостық. Бірінші өткен «Астана жұлдызына» 5 жасар асыл тұқымды «Қыран» атты тұлпар. Қыранды біз 2 жасар кезінде Польшадан алып келген болатынбыз. Шабандозы Диас Жеңіс есімді бала болды. Диастың тәжірибесінің арқасында аталмыш бәйгеде «Қыран» 30 атты артта қалдырып, бас жүлде автокөлікке ие болдық.
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Ал, 51 шақырымдық Аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» ІІІ республикалық турниріне «Жаннұр» атты сәйгүлігімізді қостық. «Жаннұр» Алматы облысында туған, 5 жасар байтал. Шабандозы Асхат Әлімжан. Олар былтырғы «Алтын тұлпардан» үшінші орынды иеленген еді, биыл 70-ке жуық жүйріктерді басып озып бас бәйгені алды. «Жаннұр» жылына тек 1 бәйгеге қатысады да, сосын демалады. Оны «Алтын тұлпарға» ғана дайындаймыз.
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Бұлардан өзге де бізде мықты-мықты аттар көп. Мысалы, Дайр есімді сәйгүлік былтырғы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бәйгеден бас жүлдені ұтты.
— Өзіңіз атбегі ретінде атты қалай жаратасыз?
Ат баптаудың қыр-сыры көп. Алайда бастысы ақылың мен төзімділігіңді ұштастырып, талмай еңбек ете білу керек. Сонда үлкен жетістіктерге жетесің. Жалпы атбегілердің барлығының жаттықтырулар бірдей болмайды. Әрқайсысымыздың өзіміздің айналысатын тәсілдеріміз бар. Мен бұрыңғы ата-бабамыздан қалып келе жатқан дәстүр бойынша дайындаймын. Ал, шетелден алып келінетін аттар көбіне дайын келеді. Тек күтімі дұрыс болса болды.
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
— Ал шабандоздарды қалай таңдайсыз? Қалай жаттықтырасыз?

Мықты шабандоз болу үшін ең алдымен баланың қазақылығы керек. Қазіргі таңда ұлттық дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқандығы өтірік емес. Одан кейін намыс пен атқа отыру үшін жүрек керек. Себебі, бала аттан қорықпайтын, тақымды болуы керек. Үшіншісі, басымен жұмыс істеу алуы керек. Өйткені, бәйге деген оңай емес. 70-80 аттың арасында шабу деген өте қиын және жауапты іс. Бәйгеде тартыс болады, талас болады. Сонымен қатар, шабандозға физикалық тұрғыда да күш керек. Біз шабандоздарымызды 5 жасынан бастап тәрбиелейміз. Ең алдымен баланың атпен қарым-қатынас орнатуына ықпал етеміз. Біз шабандозды шабуға ғана емес, қайсарлыққа, өжеттілікке үйретеміз. Сонда ғана мықты шабандоз шығады. Қазіргі уақытта Асхат және Диас есімді екі баланы жаттықтырып жүрмін. Талаптары зор, ақылды балалар. Осы күнге дейін еңбекқорлықтарымен көзге түсіп, ақылдарымен баса озып жүлделі орындарды иеленіп жүрген балалар.
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
— Шәкірттеріңіз бар ма?
Дайындап жатқан шәкірттерім бар. Олар Еламан Жақиянов, Ислам Жақиянов, Ислам Рахымғали деген сынды бауырларым. Олардан да келешекте жақсы атбегі шығады деген нық сенімдемін.
Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын
Олар қазіргі уақытта өзімнің қолымның астында жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақыттары олардың да жетістіктерін көре жатармыз.
______________________________________________________________________________________________________

Блог - rakisheva: Атбегі Әділет Ноқатай: Сәйгүліктерді ата-баба дәстүрімен жаратамын______________________________________________________________________________________________________
Әрі қарай