Асхат Мұсабайдың өлеңдері
Махаббатқа көңілін бөлмеген кім?
Түсінбедім жүрегін пенделердің.
Ғашық болса, ешкімді тыңдамайды,
Пайдасы да болмайды берген емнің.Оған тұсау салу да қалың қайғы,
Жүрек, шіркін, асау ғой, бағынбайды!
Ақылменен жүректі жеңем десең,
Керісінше тереңге тамырлайды.
Жүрек бізден ақылды сұрасын ба?
«Сүйем» десе, қарсы амал қыласың ба?
Сөйтіп жүріп «асауым» кеудемдегі
Ғашық болды рұқсатсыз бір асылға.
Ескертусіз ұнаттым осы