Белгісіз күнделіктен: Аспанға барғым келеді-ғарышкер болып емес...
«Аспанда мұндай өмір жоқ. Иә, аспанда мүлдем бөлек әлем. Мына өмірдің ең жақсыларын да, жамандарын да аспан алып кетті. Бірақ, аспанның кіршіксіз таза әлемінде тек жақсылар. Мен сенемін, әкем де сол кіршіксіз, нәзік бұлттар арасында… Сеземін, ол мені сағынып жүр… Сеземін, ол мені аспаннан бақылап тұр… Сеземін, ол мына қолымдағы дәптерімді оқып тұр… Сеземін, ол менің маңдайымнан иіскеп, „қызым“ деп дауысының жарқын шыққанын қалап тұр… Ол маған аспаннан мейіріммен қарап тұр… Сағындым… Мен де аспанға барғым келеді. Иә, мен аспанда тұрақтағым келеді. Қолым „айға“ жеткенін қалаймын! Аспанға барғым келеді, бірақ, ғарышкер болып емес! „Айға“ жеткім келеді, бірақ, ғарышкер болып емес. Менің айым- әкем! Әкетайыма барып, құмарлана иіскеп, қатты құшақтап, сағынышымды басқым келеді! Бірақ, менің шаттығымды ұрлаған, 8 жыл жанымды қинаған мына өмірді кешірмеймін… Ешқашан… Менің сегіз жыл төгілген жасымды ешкім де, ештеңе де өтей алмайды… Құдайдан басқа, әрине… Ішімде тұнып тұрған өксікті бүкіл әлем жойылып кетсе де шығара алмаспын. Шексіздікке айналған сағынышымды ешқашан баса алмасым анық. Сонда да мен аспанды қалаймын… Аспанда әкем бар, анам жоқ… Жерде анам бар, әкем жоқ… Сонда да аспанды қалаймын… Жер бетінде бәрі бар, әкемнен басқа...(( Әкемді жұтқан- жер… Жер бетінде өмір сүргім келмейді! Бақытты балалығымды ұрлаған, менен әкелік махаббатты аяған, кеудемді өксікке толтырған, жанымды жаралаған мына өмірден, әкемді алған, кіршіксіз аспанды сүйемін! Аспанға барғым келеді- ғарышкер болып емес…
Аспанға барғым келеді-
Ғарышкер болып емес…
Өмірді сүйгім келеді-
Қолымнан келер емес…
Әкемді көргім келеді,
Бірақ, ол мүмкін емес…
Құшақтап, сүйгім келеді-
Арамыз жақын емес…
Жылуын сезгім келеді-
Маған бұйырған емес…
Суретке қарағаныммен-
Ол жай ғана елес…
Әкеме барғым келеді-
Жетуім аз уақыт емес…
Аспанға барғым келеді-
Ғарышкер болып емес…
25.04.2016. 19:04»
Әрі қарай
Аспанға барғым келеді-
Ғарышкер болып емес…
Өмірді сүйгім келеді-
Қолымнан келер емес…
Әкемді көргім келеді,
Бірақ, ол мүмкін емес…
Құшақтап, сүйгім келеді-
Арамыз жақын емес…
Жылуын сезгім келеді-
Маған бұйырған емес…
Суретке қарағаныммен-
Ол жай ғана елес…
Әкеме барғым келеді-
Жетуім аз уақыт емес…
Аспанға барғым келеді-
Ғарышкер болып емес…
25.04.2016. 19:04»