Аяқтан нық тұру - арманым
Айдың, күннің аманында жігеріміз құм болып, туыстар мен достардан көңіліміз қалып жататын кездер болып тұратыны жасырын емес. Мен сіздерді Жанна есімді кейіпкермен таныстырғым келеді. Ол тағдыр тәлкегіне ұшырап, жер бетін өз аяғымен басып жүру мүмкіндігінен айырылып қалса да мойымай, жасымай, әлі күнге дейін әрбір атқан таңы үшін шүкіршілік етіп келеді. Бүгінгі таңда ол жұмсақ ойыншықтар тігумен айналысады. Оның қолымен жасалған мультфильм кейіпкерлерін Қазақстан тұрғындарынан бөлек, Белоруссия, Ресей, АҚШ, Франция, Испания, Латвия, Тайланд мемлекеттерінің тұрғындары сатып алған екен. Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылының тумасы, 29 жасар Жанна Жабековамен ғаламтор желісі арқылы хабарласып, әңгімелестім. Оның өз қолымен жасаған туындыларын Сіздермен бөлісуді жөн көрдім!..
Әрі қарай


Топырағының татымы жоқ жерге ағаш ексең бейбақтың күйін бір кешесің. Ал, өңделген жерге егілген ағаштан жеміс шығара алмау – одан өткен сорақылық. Сонда өзгелердің келіп «қытайдың, иранның, өзбектің-ақ жемісін жеп жүре бермейсің бе?!» дегені, сын көзбен қарағаны, күмәнданғаны, күлгені – бәрі шамыңа қатты тиеді. Әйтеуір, тырысып-бағып пішіні қисайған жеміс шықса да, дәмі қандай болмасын айызың қанып жейсің ғой?! Есесіне, не жеп отырғаныңды білесің. Сатып алынғанның да сапасы қандай болатынынан хабардар боласың. Өз қолымен ағаш баптамағандар, оның байыбына барып, бас ауырта бермейді. Мақсат қойып, бір жолға бағытталып, сүрініп-шалынып жүргендер мен жолы болып кеткендердің де айырмашылығы осында болса керек.
Мен қазір 14 жастамын. Біз жақта қаладағыдай бірінші сыныпқа 7 жасынан емес, 6 жастан барады. Ал мен 5 жасымнан барыппын. Әкем мен анам жанымда, бір әпкем қуанышым болып, екі ағам қорғанышым болып, бір сіңлім жұбанышым болып жүрген шақтарым. Әкемнің ерке қызы болып өстім. Әкеме еркелеп жүріп алты жасымда әкемнен айырылып қалдым. Аллаға да жақсы адам керек қой… Не керек, ол кезде түсінбедім. Мамам мен бауырларым мұңіайып жүрді. Олардың есі бар ғой. Сіңлім екеуіміз бала боп жүрміз әлі. Мен әкемді сағынатынмын. Недегенмен әкенің махаббаты ерекше ғой! Әкем аман кезінде мені машинасына отырғызып ауруханаға апаратын.







