67 жыл бұрын Арал теңізінде кеме жасалғанын білесіз бе?

Түркіменстанда Арал теңізін құтқару қоры құрылтайшыларының 12-ші саммиті өтеді. 1951 жылы түсірілген, кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінде сақталған видеода кемелердің қалай жасалатыны, қалай суға жіберілетіні түсірілген.
Әрі қарай

АРАЛ

Блог - aktobe88: АРАЛ

«Белгілі жиһангез Джеймс Кук бір саяхатында Атлант мұхитының шет, иесіз бір шалғайында көкте шеңбер сызып ұшып жүрген миллиондаған құс базарына тап болады. Шуылы құлақ тұндырар құстардың кейбірі сілесі құрып шаршағанда өздерін теңіздің тулаған толқынына тастап кеп жіберіп, өлім сағатын осылайша өздерін құрбан ету арқылы қабылдайды екен.
Бұған тек Джеймс Кук қана емес, ол аймақтағы балықшылар да ұзақ жылдар куә болып келе жатады. Орнитологтар да зерттеулерінде бұл құстардың жыл құстары екендігін, көктем және күзгі сапарларында әр тараптан келіп бір ноқтада, жоғарыда айтылған жерде топталатынын анықтағанымен неге бірінен соң бірі өздерін өлім құшағына ататынының түйінін тарқата алмай-ақ қояды.
Мұның сыры өткен ғасырда ғана ашылды. Бұл трагедияның орын алған жерінде бұрын арал болған екен. Жыл құстары келген және қайтқан сапарларында тұрақтап демалатын, орны ештеңемен айырбасталмайтын бұл арал зілзаладан соң су астында қалады. Түйсіктері алдамай әлгі құстар қалжырататын ұзын жолшылықта әлгі аралдың тұрған жерін жаңылмай тауып, демдерін басуға келеді. Болуға тиісті жерінен аралды таба алмаған соң әбден зорыққан, шаршаңқы сүлдерлерін амалсыз суға лақтырады».
Осы мәтінді қолымызға берген түрік тілінің оқытушысы Айтен ханым әрқайсымыздың өзімізді бір арал деп елестетуімізді және мына сауалдарға жауап беруімізді өтінді. Өмірдің ұзын жолшылығында тыныстап дем басатын, біреуді паналататын арал иесі бола алдыңыз ба сіз? Немесе орнынан таба алмасаң соған міндетті түрде жету, міндетті түрде паналау үшін құс секілді басың айналып, әлің құрығанша қанатыңды серпіп, жанқиярлық көрсететін аралың бар ма?
Барлығын шектеусіз бөлісе білетін дос, сапарға бірге аттана білетін жолдас, әрдайым жан тыныштығын сыйлай білетін жұбай, жету үшін жылдар бойы күрескен мақсатыңыз бар ма? Айналаңызға жақсылап тағы бір қараңыз. Сізге келген… Сізді паналаған… Сіз барған… Сіз паналаған…
Сосын мына шындықты көріңіз көзіңізбен: Сіздің солық алып, өз-өзіңізге келіп, паналай білетін қанша аралыңыз бар айналаңызда? Қанша досыңыз үшін сіз тыныс алып, өз-өзіне келіп, жанға жайлы қуат сезіне білу қажеттілігін тудырған аралсыз?..
Ойланып қалдық…
Әрі қарай