Табыс стандарттары немесе Месси мен Роналду мысалы

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Табыс стандарттары немесе Месси мен Роналду мысалы
Футбол әлемінде ғана емес жалпы спорт әлемінде өте үлкен табыс пен жетістіктерге жеткен екі «аңыз» тұлға бар. Және бұл екі спортшы көп заттар бойынша бір-біріне өте қарама қайшы келеді (ол әрине олардың клубтары мен ұлттық құрамаларын ескермегенде). Мен сөз қозғағым келіп отырған екі спортшы ол Месси мен Роналду.

Месси мен Роналдудың ең бірінші ерекшелігі табысқа жету жолы. Адамдар арасында еңбек пен талант арасында үлкен даулар жүреді. Бірақ бұл футболшылар оның екеуімен де табысқа жетуге болатының дәлелдеді. Месси өзінің талантын сәтті пайдаланып ең үздік бола алса, ал Роналду өте үлкен еңбек арқылы көптеген жетістікке жете алды.
Келесі ерекшелік бұл адами қасиеттері. Месси өте қарапайым, әлеуметтік желілерде белсенді емес және стиль мәселесіне қатты бас қатырмаса Роналду бұл заттарда қарама қайшы позицияда байқалады. Махаббатқа тұрақтылық бойынша Месси өзінінің бала күндегі махаббатымен әлі күнге бірге болса Роналдудың тұрақтылығы жайлы өте көп әңгіме бар. Бұл заттарға көңіл бөлген себебім кез келген табысты адамадар арасында бұл екі типтағы адамдар жиі кездеседі.
Келесі Месси командалық мүддені жоғары қоятын болса Роналду өзінің жетістігін жоғарырақ қоятыны мәлім. Сонымен қоса адамдардың табысқа жетуіне екі үлкен кедергі болады ол әлеуметтік және отбасылық жағдай немесе денсаулық. Бұл екі заттың бірі Роналдуда болды, ол ерте жастан әкесінен айырылып қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүрседе сынбай табысқа жете алды, ал Месси туғаннан денсаулығында үлкен кінараттар байқалған тіпті дәрігерлер оның футболшы болуына күмәнмен қараған, дегенмен бұны жеңіп шыққанын жақсы білеміз.
Жоғарыда келтірілген мысалдарды қарай отырып екеуінің өте қарама қайшы адамдар екенің көре аламыз. Ал басты ұқсастықтары Месси мен Роналдудың тарихтағы ең үздік футболшылар, көптеген рекордтармен жүлделердің иегері екендігі.

Бұл пост арқылы айтайын дегенім табысқа жетудің стандарттары болмайды. Яғни сен талантты бол немесе болма, адал бол немесе болма, өміріңде мәселелер көп болсын, командаға жұмыс істе немесе жеке бол бәрібір. Ең бастысы дұрыс мақсат қоя білсең және сол жолда күресе білсең болды қалғанының бәрі маңызды емес. Сәттілік!!!

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Табыс стандарттары немесе Месси мен Роналду мысалы
Әрі қарай

Алтын допты кім алуы тиіс?

Блог - Ispek92: Алтын допты кім алуы тиіс?
Алтын доп ! Бар футболшының арманы! Бұл биікке қол жеткізу үшін көп нәрсе керек, ойыныңмен әлемді мойындатуға тиіссің. Францияның ғана емес әлемнің белді журналы саналатын France Football-дың әлемнің үздік ойыншысына беретін сыйлығы, һәм абырой-беделі. Осы журнал әдеттегі қалпынан жаңылмай, осы жылғы үздіктердің үздігін анықтапты, яғни үміткерлерді. Олардың саны, бас — аяғы 23-ке жетеді. Олар кімдер екен:
Әрі қарай