Айзек Азимов. Академия. "Академия" негізінің қалануы

Айзек Азимов өзінің ғылыми-фантастикалық шығармаларымен әлемге танымал. Көптеген шығармаларының бірі Айзектің «Академия» атауымен белгілі ғылыми-фантастикалық романдарының жинағына енетін «Академия негізінің қалануы». Саяси сипаттағы ғылыми –фантастикалық роман. Романдағы оқиғалар желісі Галактикадағы цивилизациялардың өзара саяси қатынастары төңірегінде өрбиді. Жазушы «Үлкен саясат» құралдары Галактикадағы цивилизациялар, яғни, космостық кеңістігіндей үлкен аймақта қалай жұмыс істейтінін көрсеткен.
Романдағы оқиға басы. Біздің Галактикадағы барлық цивилизациялар бір-бірімен қатынас жасап, үлкен галактикалық Империя құрған. Империя астанасы -Трентор ғаламшары. Онда Император атынан империяны басқаратын Галактикалық кеңесі өз жұмысын жүргізеді. Гэри Селдон психотарихшы, танымал ғалым (психотарих ғылымын жете меңгерген ғалым). Психоғылымның әдістеріне сүйене отырып, Империя дағдарысын және оның күйреуін болжайды. Галактикалық кеңес мүшелері Гэри Селдонды «Империяға опасыздық жасау мақсатында жалған ақпарат таратқан» деген кінә тағып соттайды. Гэри Сэлдон кінәсін толық мойындайды. Оны және оның қол астында жұмыс істегендерді Галактиканың перифериясында орналасқан Терминус ғаламшарына қудаланады.
Блог - bake: Айзек Азимов. Академия. Академия негізінің қалануы
Әңгіме бес бөлімнен тұрады:
-«Психотарихшылар»;
-«Энциклопедистер»;
-«Мэрлер»;
-«Көпестер»;
-«Көпестер корольдары».
Романда жеке цивилизациядағы саяси -әулеметтік, Галактикалық цивилизациялар арасында саяси дағдарыстар сипатталған. Дағдарыстар арасындағы байланыстар, оның себептері және дағдарыстан шығу жолдары көрсетілген. Романды оқи отырып, құлақ естіп, көз көріп жүрген өмірімізбен еріксіз байланыстар табасыздар. Сол себепті де роман өз оқырманын «әрі қарай не болады?» дегізе, соңғы бетіне дейін жеткізіп салады.

Сурет мына жерден алынды.
Әрі қарай

Академияның суретшілері

Мен жұмыс істейтін жер — Атыраудағы дарынды оқушылардың бас қосқан өнер шаңырағы. Ең алғаш келген кезімде ондағы оқушылардың талантын көріп қатты таң қалғанмын. Еуропаның көптеген елдерінен құр қол келмейтін өнерлі өрендерді дайындап отырған мектепті осы кезге дейін білмейтін едім. Сондықтан оның әрбір жеткен жетістігіне таң қалумен ғана болдым. Тек мен ғана емес, өзге Атыраулықтарға айтсам да, «солай ма еді» деп таң тамаша болады. Себебі, қанша жерден жүлдемен оралса да, елге танымал бола алмай келеді. Сол үшін ғой Ал мына суреттер сол мектеп оқушыларының дипломдық жұмыстары.
Әрі қарай