"Аполлон 18" экипажының басынан өткендері

«Ресми деректер бойынша „Аполлон 17“ адамдардың қатысуымен болған Айға жасалған сапардың соңғысы болды. Алайда, бұдан кейін де Айға сапар жасалды. Бұл фильм „Аполлон 18“ сапарынан түсірілген NASA-ның видеоматериалдарынан монтаждалды».
Фильм шамамен осындай сөздермен басталады. Әрине, шын мәнінде бұған NASA-ның еш қатысы жоқ, оны Ғарыш кеңістігін зерттеу және аэронавтика бойынша американдық әкімшілік ресми түрде жария еткен. Кино жасаушылардың осындай әдемі маркетингтік амал-айласы көрермендерді тартудың бір тәсілі екенін даусыз.