Кіммен дос болғаныңа мән бер!

Жаман досты түзету үшін онымен әрдайым бірге болуға тырыссақ, оның бір жамандығын түзетпекші болғанымызда, ол біздің он жақсылығымызды бұзады. «Жаманның маған қандай зияны тию мүмкін?» деп айту қате. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Шіріген алма бір қап алманың шіруіне себеп болады. Бір қап алма бір шіріген алманы сау қыла алмайды. Құру, түзету өте қиын, ал бұзу өте оңай. «Сулеймания мешітін (Туркияда) екі жұмысшы құлата алады, бірақ соғу үшін Сұлтан Сүлейман патша және Мимар Синан (Осман Империясының атақты архитекторы) қажет» деген сөз бар. Тағы осы сияқты «Бір жынды құдыққа тас лақтырса, қырық ақылды шығара алмайды» делінген. Бір үлкен тасты таудың үстінен төменге дөңгелету өте оңай, бірақ төменнен жоғары шығару өте қиын.

Жаман достан аулақ жүруге тырысу керек. Осы туралы пайғамбарымыз алейһиссалам айтқан: «Адамның діні досының діні сияқты. Кіммен достық құрғаныңа мән бер!» (Хаким)

Жүрек (көңіл) жаман адамдардың қасында қарая бастаса, шайтан уәсуәса (жаман ойлар) береді. Уақыт өте сол досына ере бастайды. Осы себептен достың және қоршаған ортаның әсері өте көп. Күнәхар әйелмен достық құрудың зияны да көбірек болады. Бір хадис шәрифте айтылған: «Бір жаман әйелдің жамандығы мың еркектің жамандығына тең, бір салиха әйелдің жақсылығы жетпіс сыддықтың жақсылығына тең.» (Әбу Нуайм, Әбушшәйһ)

Аңғарылғанындай, әйелдердің жақсысы өте жақсы, ал жаманы өте жаман болуда. Жаман адамдардан аулақ жүруге тырысу керек. Оны түзетеміз деп өзіміз бұзылып кетпейік. Осы себептен «Бір жаман әйел дұрыс жолдағы қырық еркекті жолдан тайдырады» делінген.

Сондай адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін олармен әрдайым бірге жүру қате болады. Бір дұрыс кітап беру керек, егер нәсібі бар болса, дұрыс жолды табады. Ол дұрыс жолды таба алмаса да, кітапты оқымаса да, біз міндетімізді орындаған боламыз.
👈(islamdini.kz сайтынан алынды)👈
ИСЛАМ ДІНІ САЙТЫ |islamdini.kz